Желіде үй сыртындағы белгісіз тіршілік иесінің суреті таралды (фото)

/uploads/thumbnail/20171013104349351_small.jpg

 Street View көшелерді түсіру функциясы Францияның Нанси қаласында тұрғын үйлердің бірінің алдында белгісіз тірішілік иесін түсіріп алған деп жазады Лента.ру. Бұл сурет желіде таралып халықты шулатып, шошытқан. Қолданушылардың көпшілігі арызданған соң бұл белгісіз тіршілік иесі бейнеленген фотоны Google алып тастаған.

Ұзын шашты үй қонағының суреті Street View автоматты камерасымен жасалған. Францияның солтүстік-шығысында орналасқан Нанси қаласында үй алдында велосипед жанында ұзын бойлы қоңыр фигураны көруге болады. Көздері үлкен, ұзын шашты тіршілік иесінің камераға тіке қарап тұрғанын көруге болады.

Қолданушылар бұл фотодан өзге ғаламшарлықты немесе жынды көргендерін айтқан.

Бәлкім, бұл фигураны салт-жораға сүйеніп немесе жай ғана адамдарды қорқыту үшін үй иелері жасаған да болар.

Қатысты Мақалалар