Алматыдағы MART сауда орталығында 3-қабаттан құлаған бір жасар қыз №1 қалалық балалар ауруханасында жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
«Баланың жағдайы өте ауыр. Алған зақымдары көп. Жан сақтау бөлімінде жатыр»-дейді аурухана қызметкерлері.
Алматының ІІД-де бұл жағдайды жазатайым оқиға деп бағалаған. Сараптама жасау белгіленді.