Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Владимир Путиннің шақыруымен VI Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумына қатысу үшін Ресйеге барды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Атамбаевтың Ресейге сапары барысында Путинмен кездесіп, Ресей-Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланды.
Айта кетейік, 8 қарашада Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Олар екі жақты қатынастар мен бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылап, Путин Атамбаевты форумға қатысуға шақырған.
Пікір қалдыру