Кеше кешкісін Ұлттық ұланның әскери жасағы Ақтау қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде атыс қаруымен жүрген бұзақыны қолға түсірді,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әскери жасақ бастығы, ЖПҚ қызметкері полиция сержанты Бексұлтан Ділдәбек және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Жарасқан Баймырза мен Нұрсұлтан Балтабеков бақылау маршрутымен келе жатқанда отты қарудан атылған дыбысты естиді.
Шұғыл қимылдаған жауынгерлер дереу атыс орнына қарай жылжып, қарумен ойнап тұрған жасөспірімді байқайды. Әскери жасақты көрісімен белгісіз азамат қаша жөнеледі. Алайда, бұл күні оған алысқа кету бұйырмаса керек. Шағын ауданды тінту барысында жасөспірім сыраханалардың бірінен ұсталып, мәселенің анық-қанығын анықтау үшін қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталу үстінде.
Пікір қалдыру