Ғалымдар 2018 жылы апаттық жер сілкінісі көбейетінін айтты

/uploads/thumbnail/20171121102109793_small.jpg

АҚШ ғалымдары жыл сайынғы Америкалық геологиялық қоғамдастық кездесуінде 2018 жылы апаттық жер сілкінісі санының күрт өсетіні туралы айтты деп хабарлайды The Guardian.

Мамандардың айтуынша, Жер айналымының жылдамдығы төмендегендіктен сейсмикалық белсенділік орын алады. Мұндай шешімге ғалымдар 20 ғасырда болып өткен жер сілкіністерін зерттеу барысында келді.

Олар ғаламшар өз осін айналу жылдамдығы төмендегенде, жер сілкінісі 2 есеге артып отырғанын анықтаған.  

Болжауларға қарағанда, келесі жылы магнитудасы 7-ден жоғары 20-ға жуық жер сілкінісі орын алуы мүмкін. Көбінесе адамдар тығыз орналасқан тропикалық аумақтар зардап шегеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар