Алматыда 70 жылдық тарихы бар «Академкнига» кітап дүкені жабылады

/uploads/thumbnail/20171121142305842_small.jpg

Алматы қаласында  Фурманов-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан «Академкнига» кітаптар дүкені жабылайын деп жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл кітап дүкені   1950 жылдан бері 67 жыл бойы жұмыс істеп келген.  Оның жабылу себебі - дүкен иелерінің Қазақстаннан көшетін болғандықтан  оны сатылымға беруі екен. Бұл туралы «Академкнига» кітаптар дүкенінің қызметкерлері айтты.

 Ұзақ жылдар бойы оқырмандарын кітаптармен қамтамасыз еткен осынау "тарихи кітапхананың" жабылуы оның  тұрақты келушілері мен оқырмандарына  айтарлықтай әсер етті.

«Академкнига» дүкенінің тек Гоголь көшесіндегі бөлімі ғана жұмыс істейтін болады.  

Алдағы 1 ай көлемінде  әлі де жұмыс істейтін дүкен оқырмандары үшін кітаптарын соңғы рет сатылымға шығарады.  Кітап дүкені қызметкерлерінің айтуынша, барлық кітаптар Фурманов-Гоголь қиылысында орналасқан бөлімшесіне жіберіледі.

m

m

 

Қатысты Мақалалар