Биыл Петропавлда жаңа жылдық шырша орнатуға және көшені безендіруге қаражат бөлінбейтін болды деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі petropavltv.kz-ке сілтеме жасай отырып. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Құмар Ақсақалов берген екен.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов үнемделген қаржы басқа мақсатқа жұмсалатындығын айтты.
Қаражат қаланы көркейтуге жұмсалады. Сонымен қатар облыстық әкімдіктегі жиында бірінші желтоқсан, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесін тойлау жоспары да айтылды.
Айта кетейік, Петропавлда өткен жылы жаңажылдық шырша құрып, көшені безендіруге 8 миллион теңге жұмсалған
Пікір қалдыру