Әлемге танымал бизнес-спикер Кьелл Нордстрем Алматыда өтетін Synergy Global атты форумға қатысады, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
1-2 желтоқсан аралығында өтетін әлемдік деңгейдегі форумда шведтік экономист, жазушы әрі бизнес-спикер Нордстрем көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың барлығын жауап беретін болады.
Болашақта табысты болу үшін дәл қазір не істеу керек? Сандық қоғамның басты заңы қандай? Осы секілді маңызды сұрақтардың жауабын Алматы Аренада өтетін форумға қатысу арққылы біле аласыз.
Айта кететін болсақ, Кьелла Нордстремнің кітабы арқылы жас кәсіпкерлердің саны арта түсті. Оның кітаптары экономикалық терең зерттеулерден тұрады.
Нордстрем – 100-ден астам елде болып, өз тәжірибесімен бөліскен әлемге танымал сарапшы. Сонымен бірге ол көптеген әлемдік корпарация қызметкерлеріне, тіпті өз кезінде британдық билікке өз ақыл-кеңесін айтқан.
Бизнес тарихындағы жұлдыздардың идеясы арқылы шабыттанып, өз бизнесіңізді бастаңыз.
Пікір қалдыру