atau.kz Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей пәрменімен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша құрылған. Atau.kz» сайтында еліміздің барлық өңірлеріндегі елді мекендердің атаулары, көшелері қамтылған. Бұл электронды база ономастика саласындағы қордаланған мәселелерді шешудің бір тетігі болады.
Өзге сайттардан өзгешелігі «Atau.kz» порталы тек ономастикалық базамен ғана емес, сондай-ақ, ономастика саласына қатысты мол ғылыми мұрағатпен де толықтырылған. Аталған салағаға байланысты сайттың – «Ғылыми тәжірбиелік негіздері» деп аталатын айдарында ғылыми еңбектер топтамасы енгізілген. Сонымен қатар, сайттың дәл осы айдарында еліміздегі ономастика мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған.
Ұлттық ономастика – мемлекеттің мәдени-рухани танымынан бастап, шекарасының тұтастығына дейінгі ауқымдағы әртарапты орасан зор мәселелерді қамтиды. Ономастикалық электрондық қорды ашудың негізгі мақсаты – еліміздің өңірлеріндегі көше, елдімекен, мекемелер мен түрлі нысандарға берілген атауларды жинақтау арқылы қазақ ономастикасының біртұтас жүйесін жасау. Бұл электронды қор ономастика саласындағы қордаланған мәселелерді шешудің бір тетігі болады.