Termincom.kz – термин сөздердің электронды базасы

/uploads/thumbnail/20171123082136321_small.png

Termincom.kz сайты ғылым мен білімнің,  техника мен экономиканың, қоғамдық–әлеуметтік өмірдегі термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасын жасап үлгерді.

Портал Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған.

Қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейтін сайт - терминологиялық лексиканы біріздендеру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеу, терминологиялық атауларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында бұқара қауымға арналған ақпараттық құрал болып табылады.   

Сайтқа кірушілер бекітілген және қолданыстағы терминдермен танысып, термин сөздерді  қызметіне қатысты қолдана алады,  ұтымды енгізілген терминдерді саралап, жаңа терминдерді сараптауға мүмкіндік туады. Салалық терминдерді қалыптастыру мен стандарттау, терминдерді аудару, термин түзудегі ұстанымдар туралы ғылыми және ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттер мен  терминология саласында жарық көрген еңбектер мен сөздіктермен таныса алады.

Сондай-ақ, сайттың басты міндеті -  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясына бекітуге ұсынылатын терминдерді ашық талқылау және оларға дауыс беру арқылы қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сайттан Мемлекеттік терминология комиссиясы 1971-2015 жылдар 
аралығында бекіткен терминдер мен атаулардың және Терминдер хронологиясын (1925-2015 жылдар аралығында бекітілген терминдердің хронологиясы ), Қолданыстағы салалық терминдер туралы қазақша-орысша, орысша-қазақша отыз томдық сөздікті таба аласыз.

Қатысты Мақалалар