22 қараша күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерелмен бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге сондай-ақ Орталық Азиядағы Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі - Дмитрий Фрищин, БҰҰ Даму бағдарламасының бағдарламасының талдаушысы - Константин Сокульский, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігі Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қатысты.
Кездесу барысында А. Нүкенов қатысушыларға министрліктің еріктілер қызметін дамыту жолындағы атқарып отырған қызметі және алдағы жоспарлары туралы баяндады.
«Еріктілер қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында еріктілердің іс-әрекеттерінің мониторингі мен тіркелудің стандарттық ережелері қабылданды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар еріктілер қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Сонымен қатар, «Рухани жаңығру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде еріктілер корпусын құру бойынша республикалық жоба іске асырылады. Жоба барысында еріктілерге кеңес беру, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және өңірлік деңгейде волонтерлық орталықтар құру жоспарланып отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының өкілдері Қазақстандағы еріктілер инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі еріктілер қызметін жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.