Алматыда 2018 жылдан бастап тағы да қорғаныс істері жөніндегі басқарма өз жұмысын бастайды, деп жазады Qamshy.kz.
Бұдан әрі - Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бұрынғы сөзбен айтқанда Наурызбай ауданының әскери комиссариаты) коммерциялық ұйым емес болып табылады, заңды тұлғалар мәртебесіне ие, жұмылдыру қызметін жүзеге асыру үшін ұйым-құқықтық нысандағы мекемеден құралған.
Мекеме қызметтің мақсаты - жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді, азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын шақыру және жұмылдыру ресурстарымен жасақтау. Аумақ алаңына, Алматы қаласының халық санына және жұмылдыру ресурстарының ауқымына сүйене отырып Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы құрылған. Үш жыл бұрын Наурызбай ауданын құру туралы шешім қабылданды. Осы уақыт аралығында тиісті инфрақұрылымды құру үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік -іскерлік орталығында мынадай мекемелер орналасқан: жергілікті әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, АХАТ, Қазпочта, зейнетақы төлеу орталығы, мемлекеттік кіріс басқармасы мен басқа да мемлекеттік ұйымдар. Алматы қаласы аудандарының көлемі бойынша жергілікті әскери басқару органдары тек қана Қазақстанда емес, бүкіләлемге танымал орган болып табылады. Армия халықпен тығыз байланыс жұмыс жасағанда ғана дамиды. Жергілікті әскери басқару органдарын құру көздері әскери жұмылдыру қызметі болып саналады. Сонымен қатар мемлекеттік тұрғыдан үлкен стратегиялық құрылым болып табылады, - деді өз сөзінде Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Өсербаев Амантай мырза. Сонымен бірге, қазіргі уақытта Алматы қаласы Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери міндеттілері Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының есебінде уақытшм тұрғанын айта кеткен жөн.
Қарлығаш Мұсабекқызы, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті
Пікір қалдыру