Алматыда болашақ спортшылар президент жолдауын талдады

/uploads/thumbnail/20171129023454251_small.jpg

Алматыда Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымымен кездесу өтіп, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының орындалу барысы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі бағыттар талқыланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері, профессорлық -оқытушылар құрамы мен студенттер, партия филиалының қызметкерлері және бастауыш партия ұйымдары, сарапшылар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жиынды Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұрбол Сыдықов ашып, жиналғандар алдында сөз сөйледі.

Спорт мектебінің басшысының айтуынша біздің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз еліміздің тұрақты қарқынмен дамып келе жатқаны. Ол сондай-ақ, әрбір азаматқа қатысты Жолдауда қойылған міндеттер туралы айтып өтті.

«Мемлекет Басшысы халықтың денсаулығын сақтау, халықты спортпен айналысуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығыерекше көңіл бөліп келеді. Біздің азаматтарымызды белсенді, салауатты өмір салтына жас кезінен үйрету қажет. Бұл жағдайда спорттық мектептерде үлкен рөл атқаруы керек», — деді Нұрбол Сыдықов.

Өз кезегінде Бостандық ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Әр аулада заманауи спорттық алаңдар және қалада үлкен спорттық нысандар салынды деді.

-Мемлекет басшысыныңЖолдауы-бұл негізгі бағыттаушы құжат болып табылады. Алға қойған мақсаттарды табысты жүзеге асыру барлық партия мүшелерінің бірлесе атқарған жұмысына байланысты, — деп жалғастырды ол.

Өз сөзін қорытындылай келе, Баймұрат Жамбылов жоғары спорт мектебінің оқушыларына әлемдік спорт аренасында жеңістер мен табыстарға жетуін тіледі.

Айта кетер болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында былай деп атап өткен болатын: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.

Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз»

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар