Индонезияда орналасқан Агунг жанартауы жергілікті тұрғындар мен туристерді алаңдатып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп хабарлайды. Бірнеше апта бойы атқылап жатқан жанартауды қазіргі уақтытта мамандар қадағалап отыр. Олар жанартау белсенділігіне назар аударуда. «Өткен аптадағыдай емес, қазір күл мен түтін мөлшері азайған», – дейді олар. Қазір Агунгтен күл атқылап жатыр. 25 қарашамен салыстырғанда аздап бәсеңдеген. Агенттіктің хабарлауынша, күл екі мың шақырымға көтерілген.
