Дариға Назарбаева Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылына қатысты пікір айтты

/uploads/thumbnail/20171209135408997_small.jpg

Дариға Назарбаева Алматыдағы Фурманов көшесі атауының өзгергеніне қатысты пікір білдірді.

Алматы қаласындағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілген болатын. Осы орайда Сенат депутаты Дариға Назарбаева аталған мәселеге қатысты өз пікірін айтты.

«Мен бұл туралы жана ғана білдім. Маған түрлі себептерге байланысты сіздердің сұрақтарыңызға объективті жауап беру қиын. Бірақ өз елін жақсы көретін азамат ретінде және оның тәуелсіз 25 жылда жеткен жетістігін мақтан тұтатын адам ретінде мен аталған шешімді дұрыс деп санаймын. Көшбасшымыз үлкен құрметке лайықты. Оның арқасында өміріміз бейбіт және тыныш өтуде», – деді ол Сенат отырысынан кейін журналистерге.

Осы орайда сенат депутаты еліміздің 25 жылда қуатты мемлекетке айналғанын атап өтті.

«Соңғы 10-15 жылда экономикамыз бен саяси жүйеміз барлық қиындыққа қарсы төтеп берді. Бұл 25 жылда қуатты да тұрақты мемлекетті құра білгенімізді көрсетеді. Еліміз – осы өңірдегі көшбасшы мемлекет. Сондай-ақ біз президентіміздің әлемде беделінің жоғары екенін білеміз. Ол ядролық қаруға қарсы және халықаралық терроризммен күресу жөнінде ғаламдық маңызы бар бастамаларды көтерді», – деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар ол еліміздің әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Біз – әлемде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекетпіз. Сіздер Астананың жанжалдасушы тараптарға үміт беретін, кездесу алаңына айналғанын жақсы білесіздер. Сондай-ақ халықаралық және өңіраралық деңгейдегі мәселелерді шешуге өз үлесімізді қосудамыз. Егер аталған жағдайға әділ әрі объективті баға беретін болсақ, Елбасы жоғары құрметке ие. Ол тарихта қалатын азамат», – деді сенатор БАҚ өкілдеріне.

Қатысты Мақалалар