Жерден шыққан тылсым дыбыстың құпиясы әлі ашылмады

/uploads/thumbnail/20171211162601929_small.jpg

Еуропа ғалымдары ғаламшарымыздан шыққан гуілдің құпиясын бірнеше жылдан бері зерттеумен келеді. Зерттеу туралы толық ақпаратты Geophysical Research Letters басылымы берген. 1950 жылы тіркелген ғылыми қоғамдыстықтың шешілмеген мәселесі мамандарды әлі күнге дейін толғандырады.

Ол уақытта географтар тектоникалық плиталардан шығатын тегіс дыбысты тіркеген. Жарты ғасырдан соң ғалымдар арнайы құрылғы арқылы әлгі дыбысты жазып алады. Өңдеу жұмсытары арқылы олар бөтен дыбыстарды өшіріп, жарты ғасырдан көп уақытта бір өзгермеген гуілді ғана қалдырды.

Консилиумнан соң ғалымдар Жерден шығатын мұндай гуіл акустикалық жаңғырықтың кесірінен деген болжамға келген. Алайда географтар жазып алған дыбысты зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бәріне ортақ нұсқаға сәйкес, жалпы нормадан ауытқыған дыбыс ғаламшарымыздың орталығындағы зерттелмеген объектілерден шығуы мүмкін.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар