2018 жылы қақтығыс орнауы мүмкін 10 ел

/uploads/thumbnail/20180108145929265_small.jpg

Халықаралық дағдарыс ұйымы әлемде 2018 жылы қақтығыc орнауы мүмкін 10 аймақтың тізімін  жариялады. Бұл туралы  Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  1. Солтүстік Корея

КХДР сәтті ядролық  сынақтар жүргізіп, зымырандарын ұшырып жатыр. Осыған байланысты Вашингтон Пхеньянға барған сайын қауіпті жауап қайтаруда. АҚШ санкцияларын одан сайын қаталдандырып жатыр. Пхеньянды қарусыздандыруға тырысу сияқты  қандай да бір қарсылық әрекет осы аймақта соғыстың болуына әсер етуі мүмкін.

  1. АҚШ пен Сауда Арабиясы Иранға қарсы

АҚШ пен Сауд Арабиясының ойынша, Иран өзінің ықпалын Сирия, Ирак, Йеменде нығайтқысы келеді. Сондықтан, Вашингтон мен Эр-рияд  қажет болса, Тегеранға қарсы қол біріктірмек. Дипломатиялық санкциялар күшке енуі мүмкін.

  1. Мяньма мен Бангладеш

Ракха шатындағы әскери қимылдар тамыз айының соңында Рохинжа мұсылмандарының Бангладешке ойысуына әкелді. Босқындар лагерлерін қаржыландыру ақпан айында тоқтатылады. Бұл жағдай Бангладештегі саяси және экономикалық жағдайды ушықтырады. Ал Мьянмада «Ар-ракан Рохинда» қарулы  тобы белсенділік танытуы мүмкін.

  1. Йемен

Қазір мұнда 8 миллион адам сұрапыл аштықтың қарсы алдында, холера дертімен ауырып жатқандар саны 1 миллионнан асып жығылса, тағы 3 миллион босқын сергелдең күй кешуде. Мұның барлығы Йемен президенті мен Хути ереуілшілдері арасында орнаған қақтығыстың салдары. Йемен президентін Араб колациясы қолдаса, ереуілшілдерді Иранның шеиттіктері қолдайды.

  1. Ауғанстан

Ауғанстанда Талибтерге қарсы әрекеттер жүргізіліп жатыр. 2004 жылдан бастап елде өткен парламенттік, президенттік сайлаулар дағдарысқа алып келген. Талибтермен қақтығыс үлкен соғыс ошағына айналуы мүмкін.

  1. Сирия

ДАИШ террористерінің жартылай жеңіліске ұшырауы оларға қарсы соғыс толық аяқталды деген сөз емес. Аман қалған террористер күш біріктіріп Солтүстікке шабуыл жасауы мүмкін.

  1. Сахель

Африкалық аймақ бірнеше жылдар бойы қақтығыстар мекеніне айналған. Сонымен бірге,  Ислам террористер тобы тарапынан зорлыққа душар болып жатыр.

  1. Конго Демократиялық Республикасы

Былтыр президенттік ету мерзімі аяқталған президент әлі де өзінің ықпалын мемлекетке жүргізіп жатыр. Осыған байланысты елде қарсылық шерулер мен ереуілдер жиі  болып тұрады.

  1. Украина

Елдің шығысында қақтығыстар салдарынан 10 мыңнан аса адам зардап шекті. Сеператистер тарапынан бақыланып жатқан аумақтар Мәскеуге тәуелді. Украинаның өзінде Минскідегі келісімшарттарға байланысты көңіл төлмаушылық байқалады.

10. Венесуэла

Ел президенті Николас Мадуро мен мемлекет оппозициясы арасындағы қақтығыстар күннен-күнге өсіп жатыр. Елде гуманитарлық жағдайдың нашарлауы орын алуы мүмкін.

Қатысты Мақалалар