Былтыр Алматыға 450 мыңнан аса шетелдік қоныс аударған – ІІМ

/uploads/thumbnail/20180125164039109_small.jpg

Алматы миграциялық қызмет бөлімі, ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар былтыр Қазақстан аумағына кірген шетелдіктердің санын бақылап, мегаполисте тәртіп орнату шараларын жүргізгенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Алматыға келіп, тіркелген барлық шетелдіктердің саны 450 мың 180 адам. Олардың ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандардың саны 42 мың 817 адам. Ал 5 мың 711 шетелдік жеке куәлігі болмағандықтан, қамауға алынды. Олардың 2 мың 570-і еліне қайтарылып, 18 мың 362-сіне әкімшілік айып тағылған. Еңбек миграциясы бойынша 56 мың адам елге келген»,- деп хабарлады Алматы ІІМ миграциялық қызметінің басшысы Айдын Белгібаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар