Көне түркілердің ту тіккен, өсіп-өнген ата-мекені болып саналатын бүгінгі қазақ жеріне ислам сонау VIII ғасырда жеткен деп қарайды тарихшылар мен исламтанушылар. Ислам өркениеті түркілер мекен еткен сайын далаға қанат жаймас бұрын байырғы түркілер неге табынды, нені пір тұтты деген сұрақ екінің бірін мазалайды. Сол заманда біздің түркілермен яғни түркілердің бір тармағы болып саналатын қазақтармен көрші болған жұрттар мен жұрағаттардың кейбіреулері құдайларын өз қолдарымен жасап алып, соған бас иіп, құлдық ұрып жатса, біреулері сиырды, енді біреулері тау мен тасты құдай санап, соған табынып жүретін. Егер түркілер, яғни қазақтар хайуанның ішінде біріне табынар болса онда олар сиырға емес, жылқыға табынар еді. Өйткені жылқының шыққан жері қазақ даласы болса, оны адамзат тарихында алғаш рет қолға үйреткен халық та қазақ. Қазақ оған да, басқасына да табынбады. Ислам діні келгенге дейін қазақтар жаратушыны жалғыз деп таныды, соған табынды, сонан тіледі. Оның атын "Тәңір" деп білді. Ол көкте яғни ғарышта деп білгендіктен оны "Көктің Тәңірі", "Көк Тәңір" деп атады. Сондықтан да тілек тілегенде екі алақанын көкке қарата жайып тілек тіледі. Айды, күнді және жұлдыздарды Тәңірдің мүлкі деп қарады. Сол себепті олар жаңа туған айды көргенде: "Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа, Тәңірім" деп, айға сәлем беретін. Бұл бір жағынан айды Тәңір жаратқан жаратылыстың бірі деп тану, ескі айдан жаңа айға аман-сау жеткізген Тәңірге шүкіршілік ету болса, екінші жағынан Тәңірден тілек тілеу болып табылады. Бүгінгі қазақтардың біразы әлі де осылайша айға сәлем беріп, Тәңірден жарылқау тілейді. Ал кейбір кісілердің ата-бабаларымыз көк Тәңірге табынған, тауды-тасты, айды, күнді құдай санаған деп қарауы қазақты, оның тілі мен салт-дәстүрін толық түсінбегеннен туындаған жағдай деп қарауға болады. Тәңір жалқы есім. Тәңір сөзінің көпше түрі бұрын да болған жоқ, қазір де жоқ. Тәңірлер деп ешқашан айтылмаған, айтылмайды да. Ал ерте заманда кейбір таулар мен жерлер, әулиелердің бейіттері киелі саналған. Сол жерлерде Тәңірден тілеген тілектер тез қабыл болады деп санаған. Сондықтан да сондай жерлерге барып Тәңірінің разылығы үшін құрбан шалып, нәзір таратып Тәңірінен жарылқау тілеген. Таулардың тауын "Тәңір тау" деп атаса, шыңның шыңын "Хан Тәңірі" атады. Мұны түсінбеген кейбір жат жұрттықтар оларды тауға, тасқа немесе ата-бабасының бейітіне табынуда деп теріс түсінді.
Жаратушыны жалғыз деп, оны Тәңір атап, егінін егіп, малын жайып жүрген біздің жұртқа VIII ғасырда ислам діні келген. Ата-бабамыздың ұстанған Тәңірлік діні мен ұлттық салт-дәстүрінің көп тұстарының ислам дінінің шәриғатына сайма-сай келуі жаңа дінді бірден қабылдауына ықпал етті. Сол себепті де түркінің байырғы ата-мекенінде отырған біздің жұрт бейбіт жолмен ислам дінін қабылдады. Ислам дінінің келуімен қазақтың сөздік қорына "Тәңір" сөзінің жаңа баламасы "Алла" атауы енді. Кейіндеп қазақтың тілдік қорына парсы тілінен Алланың тағы баламасы "Хұдә" сөзі аздап қазақи дыбыстық өзгеріспен "Құдай" болып қабылданды. Ал өзбек, ұйғыр тілдерінде "хұдә" сөзі сол күйін сақтап қалды әрі күні бүгінге дейін солай қолданылады. Қорыта айтқанда "Тәңір", "Алла", "Құдай" сөздері мәні бір, мағынасы бір сөз болып, ол жаратушы құдыретті күшті білдіреді. Бүгінгі қазақтарда осы 3 атаудың үшеуі де алма-кезек қолданылғанмен олар негізін Әбу-Ханифа Нұғман ибн Сәбит қалаған исламның сунниттік бағыттағы ханафиттік мәзhабын ұстанады. Ханафиттік мәзһаб-басты сенім, ұстанымдық тірек ретінде Құран мен хадиске, ижма және қиясқа орын береді. Ханафи мәзһабы шәриғатқа қайшы болмаған исламға дейінгі қалыптасып қалған ата-бабаға деген ерекше сый-құрмет сияқты жергілікті дәстүрлерді кеңінен сыйлайтын, ой-пікір айырмашылықтарына сабырлықпен қарайтындығы тұрғысынан да ерекшеленеді, Сондықтан да осы мәзһабты көп өлкелерде, оның ішінде біздің өлкедегі халықтар өз еріктерімен қабылдады. Қазақ даласында ғасырлар бойы бір дін, бір мәзһаб яғни ислам діні, оның Ханафи мәзһабы дәурен сүрді. Исламның келуі қазақ мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Осы өлкеден арысы Әбу Насыр әл-Фараби, Құл Қожа Ахмед Яссауи сынды ғұлама-ғалымдар шықса, берісі Абай Құнанбаев, Мәшһұр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ғұламалар шығып қазақтың, қазақ даласының абыройын асқақтаты.
Қазақ даласын патшалық Ресей отарлай бастағаннан бастап қазақтың дініне, салт-дәстүріне бірте-бірте шектеу қойылды. Қазақ даласына келіп орныққан орыспен бірге олардың діні-християн діні, оның провослав бағыты келіп, сол заманғы биліктің қолдауымен ауқымен кеңейтті. Бір ұлт болып бір дінді берік ұстанған қазақтың байырғы ата-мекені екі ұлттың яғни қазақ пен орыстың қонысына айналды, Бірте-бірте қос тілді, қос дінді қоғам қалыптасты. 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан соң барлық дінге шектеу қойылды.
Осы саясаттың кесірінен орыс халқы да, қазақ халқыда ғасырлар бойы ұстанған дінінен, қалыптастырған жақсы салт-дәстүрінен бірте-бірте айрылды. Айналасы 74 жылда Қазақстан қоғамында не құдайға сенбейтін, не адамға сенбейтін дүбара халық пайда болды. Тың игеруді желеу екен Совет өкіметі қазақ еліне украйн, полк, неміс, корей т.б. ұлттарды жаппай қоныстандырды. Осы саясат жемісін бірден берді. Аз ғана жыл ішінде көп ұлтты Қазақстан пайда болды.
Тек 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Қазақстан азаматтарына дін ұстану еркіндігі берілді. Ата дініміз-ислам діні жанданып қазақ халқымен қайта қауышты. Жер-жерде жаңадан мешіттер салына бастады. 2011 жылғы санақ бойынша(халық саны 16,5 миллион) халықтың 71% мұсылмандар, 25% христиандар, 4% өзге дін өкілдері және атеисттер мен діншіл емес адамдар екені анықталды. Тағы да сол жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда мұсылмандарының 2756 дiни бiрлестiгi, 40-тан астам әртүрлi діндер мен діни ағымдарды ұстанушылардың 1238 ұйымы заңды тіркеліп өз жұмыстарын жалғастып жатқандығы расталды.
Қазақстандағы мұсылмандардың діни бірлестіктерін яғни мешіттерін 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында құрылған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы(ҚМДБ) басқарады. ҚМДБ Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік болып құрылғандықтан 2011 жылға дейін Қазақстан территориясындағы мұсылмандарды басқаратын бірден-бір мекеме болып қызмет атқарды. Өкіметке төте қарайтын қалалар мен барлық облыс орталықтарында олардың бөлімшелері жұмыс атқарды, әлі де атқарып келеді. Мұнан басқа Қазақстан аумағындағы ислам дінінен басқа діндердің өз басқармалары, өз бірлестіктері болды. Әрине Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер әр дәрежедегі әділет басқармаларында заңды түрде тіркелді. Бірақ олар бір-біріне бағынбайтын өз алдына дербес бірлестік болғандықтары себепті өз еркінше жұмыс жасады, өз еркінше көбейді. Жоғарыда аталған түрлі діндер мен діни ағымдардың бірлестіктерін бір орталықтан басқару және олардың атқарып отырған жұмыстарына бақылау орнату үшін өкіметтің жанынан 2011 жылы ҚР дін істері агенттігі құрылса, 2014 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің дін істері комитететі болып қайта құрылды. 2016 жылы дін істері комитеті Мәдениет министрлігінен бөлініп шығып ҚР-ның Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі болып қайта жасақталды. Оның үкіметке төте қарайтын қалалар мен барлық облыс орталықтарында басқармалары құрылып, жұмыс жасауда.
Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге, тәлім-тәрбие беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш екенін терең бағалаған Қазақстан билігі азаматтардың дін еркіндігіне баса мән берді. Мысалға алсақ тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің (мешіттердің) саны жыл сайын қарқынды өсті. Олардың саны 1975 жылы 25 болса, 1990 жылы 50, 1991 жылы 68, 2000 жылы 1652, 2011 жылы 2756 болып, 2015 жылға келгенде 3000-ға жетті.
Бүгінгі таңда елімізде 130 неше ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Президентіміз Н.Назарбаевтың дара да дана саясатының арқасында олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде. Әр ұлттың өз алдына ұлттық мәдени орталықтары бар. Ұлттық тілдерін, діндерін, салт-дәстүрлерін сақтауды мақсат еткен мұндай орталықтар 1995 жылы құрылған "Қазақстан халқы Ассамблеясының" мүшесі болып табылады. Ассамблея бір жағынан оларға басшылық етсе, екінші жағынан олардың тең дәрежеде гүлденіп-көркеюіне қолдау көрсетіп келеді.
1991 жылдан күні бүгінге дейін елімізде дәстүрлі дін ұстанушылар арасында бірде-бір рет діни алауыздық туындаған жоқ. Ислам, християн, католик, иудей т.б. дәстүрлі дін ұстанушылар Қазақстан аумағында бейбіт өмір сүруде. Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстандағы діни татулықты сақтап қана қоймай дүниежүзіндегі дәстүрлі діндердің татулығын сақтау жолында да аянбай еңбек етуде. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі Перзидентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның Астана қаласында 3 жылда бір рет өтуде.
Әрине бұғанасы қатпаған демократиялық жас елдің кейбір заңнамаларының әлсіз тұстарын шебер пайдаланған батыс елдері мен араб елдері өз діндерін, діни ағымдарын бізге тықпалай бастады. Діннен ешқандай хабары жоқ қарапайым халық, жастар мен жас-жеткіншектер шет елден келген түрлі-түсті дінді, діни ағымдарды ұстана бастады. Шет елдің қаржысымен қаржыландырылатын діни экстремистік ұйымдарда пайда болып, олар дінді желеу етіп, өздерінің саяси мақсаттарына жетуді көздеді. Қазақстанның құқық қорғау органдары оларды дер кезінде анықтап, сот шешімдерімен Қазақстан аумағында діни шаралармен айналысуына шектеу салды. Олар тізімдігі төмендегідей:
Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйымдар
«Аль-Каеда» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламское движение Восточного Туркестана» |

«Курдский Национальный Конгресс» |

«Исламская партия Восточного Туркестана» |

«Исламское движение Узбекистана» |

«Асбат аль-Ансар» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Общество социальных реформ» |

«Джамаат моджахедов Центральной Азии» |

«Лашкар-и-Тайба» |

«Братья мусульмане» |

«Боз Гурд» |

«Талибан» |

«Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Организация освобождения Восточного Туркестана» |
Ұйымның қызметіне 2006 жылғы 17 қарашадағы Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынды. |
|
«Аум-Синрикё» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Ата жол» |
Ұйымның қызметіне Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 5 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Алля Аят» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Джунд-аль-Халифат» (Солдаты Халифата) |
Ұйымның қызметіне Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Білім. Сенім. Өмір» |
Ұйымның қызметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешімімен тыйым салынды. |
|
Движение «Таблиги жамаат» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Ат-такфир уаль-хиджра» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламское государство» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Фронт ан-Нусра» |

Жоғарыдағылардан басқа 19 қазан 2016 жылы Білім және Ғылым, Әділет, Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мектеп оқушыларының бірыңғай формасын сақтау үшін діни рәсімдегі киімдерді мектеп территориясында киюге тыйым салды. Сондай-ақ 22 желтоқсан 2017 жылы кісілердің түр-түсін анықтауға кедергі келтіретіндігі үшін Қазақстан аумағында ниқаб және бұрқа кигені үшін 113450 теңге көлемінде айыппұл салынатын заң қабылданды. Нәтижесінде, Интернет беттеріндегі көптеген сайттарда бір қатар сәләфи идеологиясын ұстанатын намазхан топтар, өз қарсылықтарын көрсетіп, конституциялық құқықтарына қарсы келетіні туралы пікірлерін білдірді. Дегенмен, бұл заңның қаталдығына қарамастан, еліміздегі дәстүрлі Ислам дінін ұстанатын бауырларымыздың арасында қолдау тауып, жақсы жағынан бағалануда.
Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі діни еркіндігін саяси мақсатқа пайдаланғысы келетін исламның теріс пиғылды ағымдары пайда бола бастады. Олар ата-бабамыз ұстанған, сондай-ақ қазіргі Қазақстан мұсылмандарының басым көп бөлігі ұстанатын, бейбітшілікті қолдайтын және ешқандай саяси астары жоқ Ислам дінінің Ханафи мәзһабын ұстанушыларды адасқандарға бағалады. «біздікі дұрыс, сендер адасып жүрсіңдер» деп жадымызға жат дүниелерді тықпалап, дінді саяси құрал ретінде пайдаланып, билікті күшпен басып алуды көксейтіндер әр жерден бой көрсетті. Олардың кейбіреулері өздерін салафи санаса, енді біреулері өздерін уаххабилер қатарына жатқызды. “Сәләфилік” не деген сұраққа "Ислам діні" сайты былай деп жауап беріпті: – модасы өтіп бара жатқан және мұсылмандарға қара бет болған уаххабилердің жаңа бетпердесі (маскасы). Соңғы елу жылдың уаххабилері өздерін осы атпен жасыруда. Салафи мен уаххабилерге бұдан асып анықтама беру мүмкін емес сияқты. Қазақстан өкіметі ҚМДБ-сы жанынан білімді ғалымдарды ұйымдастырып, барлық облыстарға жіберді, Дін мамандары діни уағыз жүргізді, түсіндіру жұмыстарын жасады. Олардың экстремистік бағыт ұстанғандарымен Қазақстанның құқық қорғау органдары айналысуда. Оларды бірінші кезекте дұрыс бағыт ұстануға үгіттейді. Экстремистік бағыт ұстанып халыққа, қоғамға қатер төндіретіндері анықталған жағдайда оларға тиісті шара қолданады. Қазіргі таңда салафилік бағыт ұстанатындарға қалай шектеу қою мәселесі Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігінде талқылануда. Айта кететін мәселе, бәрімізге белгілі 2013-2016 жылдар аралығында теріс жолға түскен шамамен 150-ге жуық қазақстандық отбасы Сирия еліне аттанды. Олардың көздегені «дін үшін күресу» болып табылады. Алайда, аталмыш намазхандар өздерінің теріс ағымның жетегінде кетіп, адасқан идеологияның құрбаны болып жатқандарын түсінбеді. Қазіргі кезде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байқап отырғанымыздай, Сирия еліндегі содырлардың тынысы тарылып, жан-жаққа бас сауғалауда. Өз кезегінде, ҚР Елшілігі арқылы Сирия елінде жан сауғалап жүрген ҚР азаматтарын елге қайтарып, олардың діни ұстанымын дәстүрлі Ислам арнасына бұру көзделуде.
Жыл өткен сайын исламның тура бағыты-Ханафи бағытын ұстанатын жастардың қатары артып келеді. Қазір арнайы «Асыл арна» атты діни канал 24 сағат халыққа қызмет көрсетуде. Жаңадан дінге келушілерге дұрыс бағыт-бағдар көрсетеді. Мұнан басқа ҚМДБ-ның арнайы газеті-«Ислам және өркениет» апта сайын жарық көреді. www.muftyat.kz сілтемесі бойынша ҚМДБ-ның арнайы сайты бар. «Иман» атты журнал ай сайын жарық көреді. Мұнан басқа барлық облыс орталықтары мен өкіметке төте қарайтын қалалардағы басты мешіттерінің өз сайттары бар. Оларда жастарға дінді туралы дұрыс бағыт-бағдар береді. Діни кітаптар тек ҚМДБ-ның сараптамасын алған соң баспадан шығарылып келеді.
Еліміздегі діни жағдай жыл өткен сайын жақсарып келеді. Еліміздегі мұсылмандар исламның Ханафи бағыты бойынша намаз оқуда. Олардың саны күн өткен сайын артып келеді. Білместікпен исламның Салафи-Уаххаби немесе басқа да бағыттарын ұстанғандар өз еріктерімен ұстанған бағыттарынан қайтып Ханафи бағытына қайтуда, Ханафи бағыты бойынша намаз оқуда. ҚМДБ түрлі деңгейдегі білім жетілдіру курстарын ұйымдастырып жергілікті жерлердегі имамдардың діни білімін арттырып келеді. Дінге бет бұрған кейбір қалталы азаматтар жеке қаржыларымен мешіттер тұрғызып, оны ҚМДБ-ның басқарып-бақылауына өткізуде.
Еліміздегі діни ахуалды бұданда жақсарта түсу үшін төмендегідей ұсыныс бермекшімін:
- Мешіттерде, мекемелерде немесе адамдар топтасқан орталардың қай-қайсысында да діни уағызды тек ҚМДБ-сы бекіткен уағызшылар мен имамдар жүргізсе. Бұлай болғанда мешіттің бұрышында немесе басқа орындарда шағын топ жиып теріс пиғылдағы жеке уағыз жүргізушілерге шектеу қойылар еді.
- Жамағат намаздары мешітте тек имаммен ғана өткізілсе. Имаммен жамағат намазын оқуға үлгермегендердің өз алдына жамағат болып басқа мәзһабтарда намаз оқуына шектеу қойылса. Бұлай болғанда мешіт жамағатынан бөлінген салафиттердің немесе басқалардың өз алдына жамағат болып намаз оқуларына шектеу қойылады (Осыдан 2 жыл бұрын Құнанбай қажы мешітінде болғанымда ондағы 4 салафиттің имамға бағынбай өз алдына намаз оқығанын көріп жағамды ұстағам. Имамнан сұрағанымызда олардың имамға бағынбайтыны айтылып еді. Құнанбай қажы оларды көргенде оларға қандай шара қолданар еді деп қатты ойға қалған жәйім бар).
Әріпжан Райыс,
химия ғылымдарының кандидаты
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ОНЫ
ОҢАЛТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ ОЙМАҚТАЙ ОЙ»
Көне түркілердің ту тіккен, өсіп-өнген ата-мекені болып саналатын бүгінгі қазақ жеріне ислам сонау VIII ғасырда жеткен деп қарайды тарихшылар мен исламтанушылар. Ислам өркениеті түркілер мекен еткен сайын далаға қанат жаймас бұрын байырғы түркілер неге табынды, нені пір тұтты деген сұрақ екінің бірін мазалайды. Сол заманда біздің түркілермен яғни түркілердің бір тармағы болып саналатын қазақтармен көрші болған жұрттар мен жұрағаттардың кейбіреулері құдайларын өз қолдарымен жасап алып, соған бас иіп, құлдық ұрып жатса, біреулері сиырды, енді біреулері тау мен тасты құдай санап, соған табынып жүретін. Егер түркілер яғни қазақтар хайуанның ішінде біріне табынар болса онда олар сиырға емес, жылқыға табынар еді. Өйткені жылқының шыққан жері қазақ даласы болса, оны адамзат тарихында алғаш рет қолға үйреткен халық та қазақ. Қазақ оған да, басқасына да табынбады. Ислам діні келгенге дейін қазақтар жаратушыны жалғыз деп таныды, соған табынды, сонан тіледі. Оның атын "Тәңір" деп білді. Ол көкте яғни ғарышта деп білгендіктен оны "Көктің Тәңірі", "Көк Тәңір" деп атады. Сондықтан да тілек тілегенде екі алақанын көкке қарата жайып тілек тіледі. Айды, күнді және жұлдыздарды Тәңірдің мүлкі деп қарады. Сол себепті олар жаңа туған айды көргенде: "Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа, Тәңірім" деп, айға сәлем беретін. Бұл бір жағынан айды Тәңір жаратқан жаратылыстың бірі деп тану, ескі айдан жаңа айға аман-сау жеткізген Тәңірге шүкіршілік ету болса, екінші жағынан Тәңірден тілек тілеу болып табылады. Бүгінгі қазақтардың біразы әлі де осылайша айға сәлем беріп, Тәңірден жарылқау тілейді. Ал кейбір кісілердің ата-бабаларымыз көк Тәңірге табынған, тауды-тасты, айды, күнді құдай санаған деп қарауы қазақты, оның тілі мен салт-дәстүрін толық түсінбегеннен туындаған жағдай деп қарауға болады. Тәңір жалқы есім. Тәңір сөзінің көпше түрі бұрын да болған жоқ, қазір де жоқ. Тәңірлер деп ешқашан айтылмаған, айтылмайды да. Ал ерте заманда кейбір таулар мен жерлер, әулиелердің бейіттері киелі саналған. Сол жерлерде Тәңірден тілеген тілектер тез қабыл болады деп санаған. Сондықтан да сондай жерлерге барып Тәңірінің разылығы үшін құрбан шалып, нәзір таратып Тәңірінен жарылқау тілеген. Таулардың тауын "Тәңір тау" деп атаса, шыңның шыңын "Хан Тәңірі" атады. Мұны түсінбеген кейбір жат жұрттықтар оларды тауға, тасқа немесе ата-бабасының бейітіне табынуда деп теріс түсінді.
Жаратушыны жалғыз деп, оны Тәңір атап, егінін егіп, малын жайып жүрген біздің жұртқа VIII ғасырда ислам діні келген. Ата-бабамыздың ұстанған Тәңірлік діні мен ұлттық салт-дәстүрінің көп тұстарының ислам дінінің шәриғатына сайма-сай келуі жаңа дінді бірден қабылдауына ықпал етті. Сол себепті де түркінің байырғы ата-мекенінде отырған біздің жұрт бейбіт жолмен ислам дінін қабылдады. Ислам дінінің келуімен қазақтың сөздік қорына "Тәңір" сөзінің жаңа баламасы "Алла" атауы енді. Кейіндеп қазақтың тілдік қорына парсы тілінен Алланың тағы баламасы "Хұдә" сөзі аздап қазақи дыбыстық өзгеріспен "Құдай" болып қабылданды. Ал өзбек, ұйғыр тілдерінде "хұдә" сөзі сол күйін сақтап қалды әрі күні бүгінге дейін солай қолданылады. Қорыта айтқанда "Тәңір", "Алла", "Құдай" сөздері мәні бір, мағынасы бір сөз болып, ол жаратушы құдыретті күшті білдіреді. Бүгінгі қазақтарда осы 3 атаудың үшеуі де алма-кезек қолданылғанмен олар негізін Әбу-Ханифа Нұғман ибн Сәбит қалаған исламның сунниттік бағыттағы ханафиттік мәзhабын ұстанады. Ханафиттік мәзһаб-басты сенім, ұстанымдық тірек ретінде Құран мен хадиске, ижма және қиясқа орын береді. Ханафи мәзһабы шәриғатқа қайшы болмаған исламға дейінгі қалыптасып қалған ата-бабаға деген ерекше сый-құрмет сияқты жергілікті дәстүрлерді кеңінен сыйлайтын, ой-пікір айырмашылықтарына сабырлықпен қарайтындығы тұрғысынан да ерекшеленеді, Сондықтан да осы мәзһабты көп өлкелерде, оның ішінде біздің өлкедегі халықтар өз еріктерімен қабылдады. Қазақ даласында ғасырлар бойы бір дін, бір мәзһаб яғни ислам діні, оның Ханафи мәзһабы дәурен сүрді. Исламның келуі қазақ мәдениетінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Осы өлкеден арысы Әбу Насыр әл-Фараби, Құл Қожа Ахмед Яссауи сынды ғұлама-ғалымдар шықса, берісі Абай Құнанбаев, Мәшһұр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды ғұламалар шығып қазақтың, қазақ даласының абыройын асқақтаты.
Қазақ даласын патшалық Ресей отарлай бастағаннан бастап қазақтың дініне, салт-дәстүріне бірте-бірте шектеу қойылды. Қазақ даласына келіп орныққан орыспен бірге олардың діні-християн діні, оның провослав бағыты келіп, сол заманғы биліктің қолдауымен ауқымен кеңейтті. Бір ұлт болып бір дінді берік ұстанған қазақтың байырғы ата-мекені екі ұлттың яғни қазақ пен орыстың қонысына айналды, Бірте-бірте қос тілді, қос дінді қоғам қалыптасты. 1917 жылы Кеңес өкіметі орнағаннан соң барлық дінге шектеу қойылды.
Осы саясаттың кесірінен орыс халқы да, қазақ халқыда ғасырлар бойы ұстанған дінінен, қалыптастырған жақсы салт-дәстүрінен бірте-бірте айрылды. Айналасы 74 жылда Қазақстан қоғамында не құдайға сенбейтін, не адамға сенбейтін дүбара халық пайда болды. Тың игеруді желеу екен Совет өкіметі қазақ еліне украйн, полк, неміс, корей т.б. ұлттарды жаппай қоныстандырды. Осы саясат жемісін бірден берді. Аз ғана жыл ішінде көп ұлтты Қазақстан пайда болды.
Тек 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана Қазақстан азаматтарына дін ұстану еркіндігі берілді. Ата дініміз-ислам діні жанданып қазақ халқымен қайта қауышты. Жер-жерде жаңадан мешіттер салына бастады. 2011 жылғы санақ бойынша(халық саны 16,5 миллион) халықтың 71% мұсылмандар, 25% христиандар, 4% өзге дін өкілдері және атеисттер мен діншіл емес адамдар екені анықталды. Тағы да сол жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда мұсылмандарының 2756 дiни бiрлестiгi, 40-тан астам әртүрлi діндер мен діни ағымдарды ұстанушылардың 1238 ұйымы заңды тіркеліп өз жұмыстарын жалғастып жатқандығы расталды.
Қазақстандағы мұсылмандардың діни бірлестіктерін яғни мешіттерін 1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында құрылған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы(ҚМДБ) басқарады. ҚМДБ Қазақстан мұсылмандарына діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық бірлестік болып құрылғандықтан 2011 жылға дейін Қазақстан территориясындағы мұсылмандарды басқаратын бірден-бір мекеме болып қызмет атқарды. Өкіметке төте қарайтын қалалар мен барлық облыс орталықтарында олардың бөлімшелері жұмыс атқарды, әлі де атқарып келеді. Мұнан басқа Қазақстан аумағындағы ислам дінінен басқа діндердің өз басқармалары, өз бірлестіктері болды. Әрине Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер әр дәрежедегі әділет басқармаларында заңды түрде тіркелді. Бірақ олар бір-біріне бағынбайтын өз алдына дербес бірлестік болғандықтары себепті өз еркінше жұмыс жасады, өз еркінше көбейді. Жоғарыда аталған түрлі діндер мен діни ағымдардың бірлестіктерін бір орталықтан басқару және олардың атқарып отырған жұмыстарына бақылау орнату үшін өкіметтің жанынан 2011 жылы ҚР дін істері агенттігі құрылса, 2014 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің дін істері комитететі болып қайта құрылды. 2016 жылы дін істері комитеті Мәдениет министрлігінен бөлініп шығып ҚР-ның Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі болып қайта жасақталды. Оның үкіметке төте қарайтын қалалар мен барлық облыс орталықтарында басқармалары құрылып, жұмыс жасауда.
Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге, тәлім-тәрбие беретін, пейілге мейірім ұялататын рухани күш екенін терең бағалаған Қазақстан билігі азаматтардың дін еркіндігіне баса мән берді. Мысалға алсақ тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің (мешіттердің) саны жыл сайын қарқынды өсті. Олардың саны 1975 жылы 25 болса, 1990 жылы 50, 1991 жылы 68, 2000 жылы 1652, 2011 жылы 2756 болып, 2015 жылға келгенде 3000-ға жетті.
Бүгінгі таңда елімізде 130 неше ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Президентіміз Н.Назарбаевтың дара да дана саясатының арқасында олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде. Әр ұлттың өз алдына ұлттық мәдени орталықтары бар. Ұлттық тілдерін, діндерін, салт-дәстүрлерін сақтауды мақсат еткен мұндай орталықтар 1995 жылы құрылған "Қазақстан халқы Ассамблеясының" мүшесі болып табылады. Ассамблея бір жағынан оларға басшылық етсе, екінші жағынан олардың тең дәрежеде гүлденіп-көркеюіне қолдау көрсетіп келеді.
1991 жылдан күні бүгінге дейін елімізде дәстүрлі дін ұстанушылар арасында бірде-бір рет діни алауыздық туындаған жоқ. Ислам, християн, католик, иудей т.б. дәстүрлі дін ұстанушылар Қазақстан аумағында бейбіт өмір сүруде. Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстандағы діни татулықты сақтап қана қоймай дүниежүзіндегі дәстүрлі діндердің татулығын сақтау жолында да аянбай еңбек етуде. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі Перзидентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның Астана қаласында 3 жылда бір рет өтуде.
Әрине бұғанасы қатпаған демократиялық жас елдің кейбір заңнамаларының әлсіз тұстарын шебер пайдаланған батыс елдері мен араб елдері өз діндерін, діни ағымдарын бізге тықпалай бастады. Діннен ешқандай хабары жоқ қарапайым халық, жастар мен жас-жеткіншектер шет елден келген түрлі-түсті дінді, діни ағымдарды ұстана бастады. Шет елдің қаржысымен қаржыландырылатын діни экстремистік ұйымдарда пайда болып, олар дінді желеу етіп, өздерінің саяси мақсаттарына жетуді көздеді. Қазақстанның құқық қорғау органдары оларды дер кезінде анықтап, сот шешімдерімен Қазақстан аумағында діни шаралармен айналысуына шектеу салды. Олар тізімдігі төмендегідей:
Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйымдар
«Аль-Каеда» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламское движение Восточного Туркестана» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Курдский Национальный Конгресс» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламская партия Восточного Туркестана» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламское движение Узбекистана» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Асбат аль-Ансар» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Общество социальных реформ» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Джамаат моджахедов Центральной Азии» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Лашкар-и-Тайба» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Братья мусульмане» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Боз Гурд» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Талибан» |
Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Организация освобождения Восточного Туркестана» |
Ұйымның қызметіне 2006 жылғы 17 қарашадағы Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынды. |
|
«Аум-Синрикё» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2006 жылғы 17 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Ата жол» |
Ұйымның қызметіне Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 5 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Алля Аят» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Джунд-аль-Халифат» (Солдаты Халифата) |
Ұйымның қызметіне Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қарашадағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Білім. Сенім. Өмір» |
Ұйымның қызметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешімімен тыйым салынды. |
|
Движение «Таблиги жамаат» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Ат-такфир уаль-хиджра» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Исламское государство» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
|
«Фронт ан-Нусра» |
Ұйымның қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды. |
Жоғарыдағылардан басқа 19 қазан 2016 жылы Білім және Ғылым, Әділет, Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мектеп оқушыларының бірыңғай формасын сақтау үшін діни рәсімдегі киімдерді мектеп территориясында киюге тыйым салды. Сондай-ақ 22 желтоқсан 2017 жылы кісілердің түр-түсін анықтауға кедергі келтіретіндігі үшін Қазақстан аумағында ниқаб және бұрқа кигені үшін 113450 теңге көлемінде айыппұл салынатын заң қабылданды. Нәтижесінде, Интернет беттеріндегі көптеген сайттарда бір қатар сәләфи идеологиясын ұстанатын намазхан топтар, өз қарсылықтарын көрсетіп, конституциялық құқықтарына қарсы келетіні туралы пікірлерін білдірді. Дегенмен, бұл заңның қаталдығына қарамастан, еліміздегі дәстүрлі Ислам дінін ұстанатын бауырларымыздың арасында қолдау тауып, жақсы жағынан бағалануда.
Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңдегі діни еркіндігін саяси мақсатқа пайдаланғыс
Пікір қалдыру