«Қазақфильм» кімге сатылды?

/uploads/thumbnail/20180125171204983_small.jpg

«Қазақфильм» сынды бірегей ұйымның жекеленуі оның келешек тағдырына, отандық кино түсіру ісіне әсер етпейді. Өйткені қандай жағдай болмасын, нысан мемлекет қарамағында қалады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

-Мен Қуаныш Сұлтановқа үлкен алғысымды білдіремін. Шындығында бұл сұрақ өте маңызды және біздің өзіміз де бұл мәселенің шешілуіне қызығушылық танытамыз. Айтпағым, сатылымға «Қазақфильмің»  тек 49% ғана қойылған, ал 51%-ы мемлекеттің меншігінде қала береді,- деді Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге берген жауабында.

Киностудияға 4-5 жыл бұрын жекеленуге тиісті нысандар қосылған, бірақ осы күнге дейін «акцияларды сатып алам деушілер табылмаған» деді Мұхамедиұлы,

-Егер осыншама уақытқа дейін сатып алушылар табылмай келсе, олардың жоқтығына тіпті қуанамын, деді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар