Ақтөбеде өртенген автобус жүргізушілері қамалды

/uploads/thumbnail/20180119191322426_small.jpg

Өртенген автобустың үш жүргізушісі тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазадыQamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізушілерде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 4-тармағы бойынша айып тағылған. Бұл тармақ бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жасұлан Дәулембаевтың мәліметінше, автобустағы өрттен аман қалған үш қазақстандық 24 қаңтар күні кешкі онда Ақтөбедегі тергеу изоляторына қамалған. Күдіктілерді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің жедел-тергеу тобы тергеп жатыр. Алдын-ала тергеу кезінде автобус жүргізушілерінің салонды дәнекерлеуші лампамен жылытып, автокөлікті пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны анықталған.

Тергеу автобустың өртеніп кетуіне үш жүргізушіні де айыптайды. Бұл қылмыстық істің тергелу барысын бақылау процессуалдық прокурорлар тобының 1-қызметіне, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасына жүктелген.

Жасұлан Дәулембаев істі Қазақстанның бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігі де бақылап отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Қатысты Мақалалар