Алматыдан Ригаға тікелей ұшақ қатынайтын болды

/uploads/thumbnail/20180105174925678_small.jpg

Латвияның airBaltic компаниясы 2018 жылдың 29 сәуірінен бастап Алматы мен Рига арасына жазғы маусымдағы әуе рейсін іске қосатын болды, деп жазады Kapital.kz.

«Біз қазір Алматыға  тікелей әуе рейсін ашып отырған  солтүстікеуропалық алғашқы әуе компаниясы болып отырмыз. Рига-Алматы маршруты біздегі ең ұзақ бағыттар бойынша екінші болып тұр»,- деді airBaltic компаниясының директоры  Мартин Гаусс.

Оның айтуынша,  жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Балтық елдерінің жолаушылары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Себебі аталмыш бағыт арқылы Еуропа, Скандинавия, Ресей, Таяу Шығыс елдері қамтылады.

airBaltic компаниясы Алматы — Рига бағытында аптасына үш рет  Bombardier CS300 жаңа ұшағымен жолаушы тасымалдамақ. Ұшу уақыты шамамен – 5 сағат 45 минут. Билет құны бір бағытқа 159 еуродан басталады екен. Оның ішіне құжаттық шығындар түгел кіреді.

Қатысты Мақалалар