Астананың төтенше жағдайлар департаменті «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп жазады.
«1994 жылы туған қыз зардап шекті. Ол оң жіліншігін сындырып алған, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттен кейін үйінділерді қарау барысында әйел мен баланың мәйіті табылды», — деп хабарлады құтқарушылар.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданындағы үш қабатты коттедж өртенді.