13 наурызда кешкі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында, Шашкин көшесі мен Esentai Mall сауда орталығының арасында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Audi жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың бойында тұрған ЗиЛ-ға барып соғылған. Жол апатының салдарынан бір әйел адам мен оның 2-3 жасар баласы қаза тапты.


Жолдағы жұмысшылардың бірі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері мен криминалистер барды. Әл-Фараби даңғылының батыс бөлігі қоршауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.