Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Ғалия Теміртонның қатысуымен брифинг өтті.
Ғалия Теміртонның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми-білім және мәдени-ағартушылық «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Ол 2017 жылы қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Кітапханасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара мемлекеттік мейрамдар аясында болды: Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіз Қазақстан мейрамдарына орайластырылды. Көрмеге келуші қауым Қазақстанның 1990 ж. құрылу тарихынан бастап, бүгінге дейінгісі туралы білу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Ел астанасы ауысқаннан кейін 20 жыл өткенде ғана Алматы қаласы Елбасы музейінің, жеке мұрағаттары, жеке кітапханасы қорға өткізіліп, зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Көрме экспозициясына Елбасы Н. Назарбаевтың әлемнің 30 елінен алған мелекеттік наградалары, Құран топтамалары, Елбасының тарту еткен үкіметтік кітаптары сондай-ақ, Елбасының әр тілде жазылған еңбектері,-деп айтып кетті өз сөзінде.
Ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық жылжымалы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме жобасы аясында тағы да бір «Туған жердің тұлғасы» атты көрме өткізілді (тарихи тұлғалардың, мәдениет өкілдерінің, ғылым мен білім саласындағы зиялы қауымның портреттер галереясы).
Білім берудің мұндай тәсілі өз нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2017 жылы түрлі салада 175 музейлік сабақтар жүргізілді: палеонтология, археология, этнография, антропология және Қазақстан тарихы. ҚР МОМ экскурсиялық жұмыс негізінде музейге келушілердің әлеуметтік категориялары мен жас ерекшеліктеріне қарай, жалпы және тақырыптық 4459 экскурсия жүргізілген. Оқу орындарының тәлімгерлері мен әскери жасақ сарбаздарына арнап 40 тақырыпқа 170 дәріс оқылған.
ҚР МОМ жыл сайын 200-ден астам жалпы білім беру және арнайы мамандандырылған мектептермен, 40 лицейлер және гимназиялармен, колледждермен және 20-дан астам ЖОО, сондай-ақ мектеп лагерьлерімен жұмыс істеп келеді, - деп сөзін қорытындылады Ғалия Теміртон.
2017 жылы музей қорына 1665 музейлік зат түскен.
Ғалия Теміртонның сөзіне сүйенсек, қорды есепке алу және сақтау тобында он жеті маман жұмыс істейді (қорды есепке алу тобы – 5 маман, қор сақтау тобы – 12 маман).
Топтардың негізгі міндеттері – белгіленген нормаға сай есепке алу құжаттары мен іс-қағаздарын жүргізу, музей құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету, ескерткіштерді қирау, ұрлану және бұзылудан қорғау, сондай-ақ, оларды зерттеуге және насихаттауға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қор сақтау тобы мамандарының міндетіне тікелей қор коллекцияларын сақтау кіреді.
Коллекция бойынша, деректердің түріне, материалына қарай біріктірілген музейлік заттар 15 қорға бөлініп, қор сақтаушы мамандардың материалдық жауапкершілігінде сақталады,-деді ол.
Қор жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі қабылдау және жаңа түсімдерді есепке алу, қорды толықтыру және жабдықтау (Қорды жүйелі түрде толықтыру жұмыстары музей ісіндегі басты ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Есеп беру мерзімінде жинақталған материалдарды музей қорына қабылдау үшін ҚІК-ның 5 (бес) жиналысы өтіп, оның шешімі арнайы хаттамамен рәсімделді. Жаңа түсімдерге қабылдау актілерін жасау – 1665 с.б.); мәліметтер базасын құру, артефактілердің сандық көшірмесі жасалды (сканерлеу, фотосуретке), (2012 жылдан бастап фотоқұжаттар қорындағы музейлік заттардың сандық көшірмесін жасау (оцифровка) жұмыстары жүргізіліп келеді.
Есеп беру мерзімінде 13 кітаптың толық сипаттамасы терілді. Барлығы: 39 602 с.б., оның ішінде 2017 жылы – 2300 с.б. санды көшірмесі жасалды), сондай-ақ паспорттау мен атрибуциялау және т.б.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің қорында 266 500 сақтам бірлік мемлекеттік тіркеуге алынған, оның ішінде: негізгі қор – 215 645 с.б., ғылыми-көмекші қор – 49 593 с.б., уақытша қор – 1262 с.б. құрайды. Музейдің негізгі қорындағы музейлік заттар мен коллекциялар ҚР музейлерінің ұлттық қорының құрамына кіред, - деп сөзін қорытындылады Ғалия Теміртон.
Пікір қалдыру