Макрон: “АҚШ Украинаға опасыздық жасауы мүмкін” — Еуропада дабыл

/uploads/thumbnail/20251205135517177_big.webp

Германияда жарияланған құпия қоңырау жазбасында Франция президенті Эммануэль Макрон Дональд Трамп әкімшілігі Украинаға қысым жасап, территориядан бас тартуға мәжбүрлеуі мүмкін екенін айтқан.

Макрон Еуропа лидерлеріне: “АҚШ қауіпсіздік кепілдігінсіз Украинаны территория мәселесінде сатып кетуі ықтимал”, – деп ескерткен.

Еуропа елдері Вашингтонның соңғы бітім жоспарына алаңдаулы: АҚШ ұсынған 28 тармақтық келісім Украинаның бақылауындағы территориялық аумақтарды беруді және армия қуатын шектеуді талап етеді.

Германия канцлері Фридрих Мерц те Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді меңзеп: “Олар бізбен де, сіздермен де ойын ойнап отыр”, – деген.

Финляндия президенті Александр Стубб: “Украинаны бұл жігіттердің қолына жалғыз қалдыруға болмайды” десе, оны НАТО басшысы Марк Рютте де қолдаған.

Бұл араздық АҚШ пен Еуропаның Украинаға қатысты ұстанымындағы терең бөліністі айқын көрсетіп отыр.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар