Алматыда С.Жапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

/uploads/thumbnail/20180621115339619_small.jpg

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ –ның «Алматы жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры С.Жапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта «Алматы жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының барлық жүк жөнелтушілері (20 мыңдай) жүк тиеуді жоспарлауды ГУ-12 (айлық жоспарлау), ГУ-11 (он күндік жоспарлауды) және күнтізбелік жоспарлау жүйесінде автоматты реттеуді электрондық тапсырыстарды ресімдеумен АСУ ДКР арқылы жүргізуде. Мемлекетаралық түйіспелік қосындардағы электронды тасымалдау құжаттары АСУ ДКР –да автоматты түрде өңделгенін атап өту қажет. Компанияда келесі бағдарламалар енгізілді:

-АСУ Энергодиспетчерлік тартым (АСУ ЭДТ), ол он-лайн режимде спутниктік каналдар арқылы локомотивтер туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді, оның ішінде отын шығыны туралы да мәлімет алу мүмкіндігі.

-Станция кезекшісінің автоматтандырылған жұмыс орны ГИД Урал арқылы поездардың орындалған қозғалыс графигін электронды түрде жүргізуге мүмкіндік береді.

-АСУ Келісімдік және Коммерциялық жұмысы (АСУ ДКР). Қазіргі уақытта АСУ ДКР Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің барлық 31 станциясында келесі қызметтер: ГУ-12, ГУ-11, ЭПД, жеткізу, қайта бағыттау, ФДУ-92 жүзеге асырылды.

АСУ ДКР жүк тасымалдауды жүргізу мен ұйымдастыруда ақпараттық бірлесе жұмыс жасаудың жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Аталған технология клиенттерге ұсынылатын қызметтер кешенінің бірі болып табылады және тасымалды ұйымдастыру бойынша ҚТЖ қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыруға көмек болады;

-электронды тасымалдау құжаты (ЭПД) ГУ-12 және ГУ-11 тапсырыстары негізінде қолданушының қатысуынсыз автоматты түрде жасалады. Жүк жөнелтуші тек құжатты ашып, мәліметтерді нақтылап, тексеруге жібереді. Егер алдында тасымалдау құжатын ресімдеуге клиент жол есебімен уақытының 3-4 сағатын жіберсе, қазіргі уақытта хронометражға сәйкес тасымалдау құжатын ресімдеу 3-5 минут аралығында жүргізіледі;

-жүктерді қайта бағыттау – жүк жөнелтуші немесе жүкті қабылдаушы станцияға немесе жол бөлімшесіне бармай-ақ тапсырысты АСУ ДКР жүйесінде ресімдейді, яғни клиенттердің уақыты және қаржысы үнемделеді.

ГУ-46 Вагондарды беру және алып кету ведомостарының модулін енгізу жұмыстары жүргізілуде, вагондарды кірме жолға беру/алып кетудің нақты уақытын көру мүмкіндігі. «Қорғас-Шығыс қақпасы құрғақ эконмикалық аймағы» компаниясының мамандары «Номад» бағдарламалық қамтамасыз ету жобасын ұсынуда, ол құрамадағы вагон нөмірін автоматты түрде тануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Номад» және АСУ ДКР бағдарламаларын енгізу жұмыстары жүргізілуде, - деп баяндады Сәрсебек Дуанбайұлы.

Сарсебек Дуанбайұлының айтуынша, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы қазақстандықтарға арнаған жыл сайынғы Жолдауында еліміздің «Қазақстан 2050» даму Стратегиясы бойынша біздің алдымызда әлемнің отыз дамыған елінің қатарына қосылу мақсаты тұрғанын атап өтті. Қазіргі заманғы цифрлік дамудың мүмкіндіктерін ескере отырып, әлемдік жаңалықтарды қабылдаған еліміз инновациялық дамудың кешенді «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын қабылдады. Жаңа Жолдау «Интеллектуалды көлік жүйесін» жасау үшін цифрлық технологияны ауқымды енгізу қажеттілігін айқындайды, ол үшін біз жаңа төртінші өнеркәсіптік революцияға бейімделіп, оны табысты игеруіміз қажет.

Негізгі он міндет анықталды. Негізгі төртінші міндеттің бірі «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру». Елбасы экономиканы дамыту және еліміз бен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін көліктік – логистикалық кешенді дамытудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Біздің алдымызда 2020 жылға дейін жыл сайын транзиттік тасымал табысын 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Аталған тапсырманы орындау үшін Компаниямыз «Батыс-Шығыс» және «Солтүстік - Оңтүстік» 4 негізгі бағыт бойынша транзиттік тасымалды арттыру жұмысын жалғастыра беретін болады.

Цифрлық технологияларды ауқымды түрде енгізу қажеттілігін атап өту керек. Қазіргі кезеңде бағдарлау бақылауға қажетті ақпаратты құру үшін «blok chain», блокчейн – жүктердің қозғалысын онлайн режимде бақылау және тоқтаусыз транзиттік, сондай-ақ кедендік операцияларды жеңілдету мүмкіндігі бар жалғасты блоктар тізбесі, технологиясы басымдық көрсетуде. Темір жол саласын цифрлендірудің негізгі бағыттары Электронды коммерция, Өнеркәсіптік интернет және Жоғары ақпараттар талдауы,-деп атап өтті ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар