ІІМ криминалды полиция департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевское ауылындағы Есіл өзенінің жағасынан NUR.KZ порталының Астанадағы журналисін өлтіріп, қашып кеткен күдікті азамат Гусейновті қолға түсірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.
Еске салсақ, 24 қыркүйекте Ирина Бекетованы өзімен бірге тұратын азамат қызғаныштан ұрып өлтірген болатын.
Қылмыс жасаған соң қашып кеткен күдіктіні іздеу шараларына ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді. Қылмыскерді ұстау операциясы өте тез аяқталған. Ол ешбір қарсылық көрсетпеген және қашуға да әрекет етпепті.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру