Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданы мен қаласы Алтай болып өзгерді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Зырян аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының тыңдауы өткен еді. Бір сағатқа созылған тыңдау барысында Зырян ауданының да, қаласының да атауын Алтай деп атау туралы шешім қабылданды. Бірнеше күннен бері халық болып талқылап келе жатқан аудан атауын өзгерту туралы мәселені аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйымдар бірауыздан қолдады.
Халық көтерген мәселені алдымен облыс әкімі Даниал Ахметов қолдап, «Алтай» атауын ауданға әбден лайық екенін атап өткен еді.
Оның үстіне, бүгін 28 қыркүйек Алтайдың жыршысы атанған Оралхан Бөкейдің туған күні.
Жерімнің аруысың Алтай тауым,
Бауырыңда сыңсып өскен бақша-бауым.
Басыңда аппақ болып қар жатса да,
Қараймын, қызықтаймын, құмартамын.
Таулардың атасысың Шығысымда,
Мен де ел көп риза ырысыңа.
Білім ап бауырыңда жүрміз шалқып,
Ай, күнім, анашымсың, тынысымда.
(Оралхан Бөкейдің 16 жасында ең алғаш жазған өлеңі)
Пікір қалдыру