"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы пәтер алу үшін қандай ережелерді білу қажет?

/uploads/thumbnail/20181018130131228_small.jpg

Қазақстанда "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтер алуды жүзеге асыру ережелері бекітілген. Ережеге сәйкес, қатысушыға бір пәтерден артық үй алуға мүмкіндік берілмейді.

2018 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған немесе жеке құрылыс салушылардан алынған тұрғын үйді жүзеге асыру ережелері бекітілді.

Ережелер келесі тұрғын үйдің іске асырылуын анықтайды:

-Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының кредиттік тұрғын үйлерін;

-Пилоттық жобалардағы жеке тұрғын үйлер;

-«Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы сатып алған жалға берілетін тұрғын үйлер;

-«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының тұрғын үйлері;

-«Жылжымайтын мүлік қоры «Самұрық-Қазына» акционерлік оғамының коммерциялық тұрғын үйлері;

-Жылжымайтын мүлік қоры сатып алған жалға берілетін тұрғын үйлер.

Тұрғын үйді сатудың бұрын қабылданған бағдарламалары шеңберінде жеке құрылыс салушылардан немесе сатып алынған тұрғын үйді сату тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда, қатысушының ереженің 2, 4 және 27 тармақтарында көрсетілген тәртіп бойынша, тұрғын үйді сатып алу жағдайларын қоспағанда, бір пәтерден артық үй алуға мүмкіндік берілмейді.

Жоғарыда атап өткен тармақтарда көрсетілген тұрғын үйді сатып алу жағдайларын қоспағанда, отбасыда некеге тұрғанға дейін жұбайының жалға сатып алған пәтері болса, бұл бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша сатып алуды жүзеге асыратын жалға алу туралы шарттар тіркеу органдарында міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Өтініш берушіні тұрғын үйге қатысушылардың тізіміне енгізу туралы бірнеше фактілер анықталған жағдайда, өтініш берушіге жеті жұмыс күні ішінде үйдің бірін таңдау туралы хабарлама жіберіледі.

Осы талаптардың орындалуын бақылау жұмыстары өтініш берушінің оның атысуын және сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қайтадан ұсынылған жылжымайтын мүліктің жоқтығын тексеру туралы міндетті келісімі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы орган іріктеу рәсімінің соңында өз интернет-ресурсында қабылданған өтініштердің тізімі мен тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй алуға мүмкіндік алған қатысушылардың тізімін жариялайды.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер алуға мүмкіндік алған қатысушылар мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе тұрғын үй заңдарына сәйкес, жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорына жалға берген тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінен алынып тасталынады.

Облыстық орталықтарда, қалаларда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, елордада тұрғын үйге өтініш берушілерден құжаттарды жергілікті атқарушы орган «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе ресми интернет-ресурс арқылы қабылдайды.

Ал ауылдық елді мекендерде, ауылдық округтерде әкімдік арқылы «қағаз» құжат ретінде беріледі.

Аталмыш бұйрық алғашқы ресми жарияланған күніне бастап күшіне енеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар