«Нұр Отан» тұрғын үй коммуналдық саласы мен табиғи монополистердің жұмысына мониторинг жүргізуді бастады
«Нұр Отан» партиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кезекті фракциясы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын тиімді орындауға ықпал ететін нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
«Нұр Отан» партиясы қазіргі уақытта Президент Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға белсене кірісті. Кеңейтілген отырыс партияның орталық аппаратында өтті. Онда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау талқыланды.
Еске салып өтейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономикадағы бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен табиғи монополиялардың субъектілерін реттеу, тарифтерді орнату монополистердің инвестициялық міндеттемелерін тиімді бақылау мәселелерін көтерген. Бүгінде тұтынушылардан жиналған қаражатты игеру дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Өз кезегінде Президент бұл мәселені қайта қарап шешуге, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауға үш ай берді.
Жолдауда айтылған барлық шараны жүзеге асыруда заңнамалық қолдау көрсету мақсатында партия мүшелері «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Қазақстандықтар үшін бұл мәселе бірнеше жылдан бері өзектілігін жоймай тұр.
«Нұр Отан» партиясына қарасты Стратегиялық зерттеулер институтының мәліметіне сүйенсек, азаматтардың 36 пайызы сервистік компаниялардың қызметінде ашықтық болмауы мен кіріс шығындарындағы бақылаудың жоқтығын айтып, наразылықтарын білдірген.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев отырысты аша отырып тұрғын үй секторындағы тұрғын үй құрылысы аясындағы бірқатар шешілмеген мәселені, соның ішінде коммуналдық қызметтерінің негізі мәселелерін көтерді.
«Нұр Отан» партиясы Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар мен міндеттерді тиімді орындай отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тәртіпті ретке келтіруге, сонымен қатар табиғи монополистердің тарифтерін реттеуге күш саламыз, әрі бұл біздің бүгінгі таңдағы міндетіміз болып саналмақ. Бұл партиямыздың алдында тұрған үлкен жұмысқа серпін береді», - деді Мәулен Әшімбаев.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламенттің қарауында екенін де ескертті. Партия мен мүдделі тараптардың мақсаты – талдау, аяқтау және халықтың күтуіне сай келетіні-келмейтінін түсіну.
«Біз осы салада тиімді мониторинг ұйымдастырамыз. Монополистер қалай жұмыс істейді, коммуналдық компания қызметкерлері қалай жұмыс істейді. Біз бұл қызметте тиімді мониторинг жүйесін құру үшін қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі адамдармен ынтымақтасуға дайынбыз», - деді Мәулен Әшімбаев.
Ұсынылған түзетулер кондоминиум нысандарын басқару мен жүргізу және оларды орындау тәртібін реттеуге бағытталған. Жаңартылған заң жобасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігін де қарастырады. Әзірленген құқықтық нормалық акт азаматтардың Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруі арқылы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігін арттыру мен қолданыстағы заңнамалық кемшіліктер мен қақтығыстарды жоюға бағытталған.
Жалпы алғанда түзетулер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін реформалаудағы бірнеше міндетті бірден шешуге арналған, оның ішінде: басқарма компанияларының қызмет сапасын қамтамасыз ету; коммуналдық қызмет пен төлемдерді есепке алуды жетілдіру, оның ішінде басқарушы компаниялардың қызметтеріне ақы төлеу, тарифтердің ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жоғары технологияларды енгізу, мәселен, басқаруды автоматтандыру және цифрландыру; жалпы мүлікті есепке алу рәсімдерін жетілдіру; жалпы мүлікті жөндеуді тұрақты негізде қамтамасыз ету.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының заң кеңесі мүшелері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен әр түрлі өңірден өкілдер қатысты.