Президент Жолдауы: Электронды денсаулық паспорты –медицинадағы тиімді реформа

/uploads/thumbnail/20181207132418053_small.jpg

Қазіргі уақытта мемлекет халықтың денсаулығы  мен медицина саласына барынша көбірек көңіл бөліп келеді. Расында уақыт пен жылдар ұзаған сайын адамның денсаулығын күтуі ең алдымен өзіне байланысты болары сөзсіз. Бұрынғыдай емес, бүгінде салауатты өмір салтын қалыптастырған азаматтардың шоғыры көбейіп келеді. Бұған бір жағынан мемлекеттің денсаулық саласына қатысты жүргізіп отырған саясаты себеп болса, екіншіден, адамдардың өздері бұған бейім болып келе  жатыр. Өйткені денсаулық – зор байлық. Күтінбесе, салауатты ұрпақ өсірмесе, келешекте әлжуаз балалар дүниеге келеді. Өйткені, болашаққа дені сау, санасы таза буын керек. Оның үстіне қазіргі заманда әлемдік медицинада да күрделі өзгерістер болып жатыр. Ал заман көшінен қалып қоюға болмайды.

Рас, кеңестік жүйеде де медицина осал болған жоқ. Бірақ Кеңес үкіметінен қалған ескі бір әдет бар. Ол дәрігердің қабылдауына барған адамның ем қабылдау үшін, дәрігердің кеңесін алуы үшін кабинеттің алдында ұзақ кезекке тұруы. Расында да «соңы кім?»  деген сауал дәрігердің кабинетінің алдына барған әр адамның жиі қайталайтын сөзі болып келді. Мұны біз кешегі күнге дейін пайдаланып, қолданып келдік. Кейбір емханаларға барсаңыз, ұзынсонар кезегін күткен жұрт әлі де бар.  Бұдан қалай құтылуға болады?  Қазақстанда бүгінгі таңда орын алып әрі жүзеге асып жатқан медицина саласындағы өзгерістер мұндай қиындықтан құтқарады. Ол– әр адамға қатысты медициналық электронды паспорт енгізу.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында мұның жай-жапсарын нақты көрсетіп берді.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.

Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді»,– деді президент Нұрсұлтан  Назарбаев Жолдауында.

Рас, Елбасы тапсырмасына орай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 20 пайызға көбейту жоспарланып отыр. Бұл мәселе кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ауылдық жерлерде халықтың денсаулығын көтеруге атсалысып жүрген медқызметкерлерге үлкен көмек. Ал ең үлкен мәселе, ол – Президент Жолдауында атап көрсетілген халықтың электронды денсаулық паспортын жасау. Мұның тиімділігі неде?

  1. Бұрын кез келген адамның қолында оның бүкіл ауру тарихы жазылған медкарта жүретін. Оны емдеу мекемесінің тіркеу бөлімінен алып барып қана дәрігерге кіретінбіз. Тоз-тозы шығып кеткен, медкарта кейде жоғалып та кететін. Онымен бірге сенің сырқат диагнозын жойылатыны белгілі. Сөйтіп, талай рет жаңадан медкарта арнағанымыз белгілі. Мұндай жүйе қазір ескірді.
  2. Қазіргі заманғы медицинадағы оң және жағымды өзгерістерге сәйкес енді сырқат адамның тарихының барлығы да өзінің электронды паспортында жазылып тұрады. Бұдан былай, сырқат адам емхананың тіркеу бөліміне барып, медкартасын сұрап әуре болмайды. Оның сырқатының тарихы мен барлық диагнозы және дәрігердің тұжырымдамасы және тағы басқа анақтамалар жеке өзінің атынан ашылған электронды паспортта жазылып тұратын болады. Бұл дәрігердің алдындағы компъютерде, адамның жеке кабинетінде сақталынады.
  3. Бұдан шығатын тұжырым: электронды денсаулық паспорты жобасы медициналық қызметті сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.
  4. Электронды паспорт арқылы дәрігерлер сырқаттың денсаулығына қатысты барлық ақпаратты алатын болады. Пациент те аталған ақпаратты толыққанды көріп, біліп отырады.
  5. Дәрігерге қаралған пациент медициналық ұйымның көрсеткен қызметіне де электронды жүйеде баға бере алады.
  6. Электронды паспорттың ең бір тиімді тұсы, дәрігер мен пациент арасында тұрақты тиімді кері байланыс орнайды.
  7. Оң нәтиже беретін бұл жұмыстардың бәрі де жүзеге асу үшін республикадағы барлық медициналық мекемелер 100 пайыз компъютермен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылуы тиіс.
  8. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің компъютерлік сауаттылығы да күн тәртібінде тұрған мәселе екенін ұмытпауымыз керек.

Бұл Президент атап көрсеткен медицина саласындағы цифрландыру болып табылады.  Егер бүкіл медицина осы жүйеге көшер болса, онда адамдардың дәрігерлердің  қызметіне деген сенімі әрі құрметі артады. Біз электронды денсаулық паспортының тиімділігін айттық. Ал  цифрландырудың денсаулық сақтау саласы мен қарапайым емделушілерге қандай  тиімділігі бар?

  1. Цифрландыру дәрігерлер мен сыртқат жандардың уақытын үнемдейді.
  2. Сырқат адамдар өздерінің зертханалық талдауының қорытындысын емханаға бармай-ақ электронды нұсқада ала алады.
  3. Олар бұрынғыдай дәрігерге немесе тіркеу бөліміне телефон шалып, алдын ала жазылуды қояды. Олар бұл жұмысты электронды түрде компъютер арқылы интернетпен байланысқа шығып, үйінде отырып-ақ мұны бітіре алады.
  4. Пациенттің кез келген медициналық қызметті тіпті қалтадағы смартфонмен де бітіруге мүмкіндігі бар. Міне денсаулық саласын цифрландырудың тиімділігі осы.

Рас, медицина саласын тооыққанды цифрландыру әрі халықтың жеке денсаулық паспорты болуы үшін ең алдымен емханадағы әр дәрігердің алдында компъютер тұруы керек. Оның барлығы да интернет жүйесіне қосылуы қажет. Ал бұл орайда не істелініп жатыр? Президент тапсырмасына орай, бұл салада жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір медицина саласын технологияға үйлестіру, икемдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуда. Осы орайда республика бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің 88 пайызы компьютермен жабдықталып, 66 пайызы интернетке қосылған. Денсаулық сақтау министрі Біржан Елтановтың мәліметіне сенсек, қазіргі уақытта  8 өңір іс-қызмет құжаттарын электронды нұсқада жүргізе бастаған. Министр  айтып өткендей, өзге өңірлер электрондық жаңа жүйеге кезең-кезеңімен қосылуды көздеп отыр. Ал Президент Жолдауында атап көрсеткен мәселе қалай орындалып жатыр? Бұл саладағы көрсеткіштер көңіл тоғайта ма? Медицина саласы қағазбастылықтан арыла ма? Рас, бұл салада жұмыстың жүйелі істелініп жатқанын мына бір деректер айқындап тұрғандай. Қазіргі кезге дейін 10 миллионнан астам халық өзінің электрондық денсаулық паспортын иеленген. Министр Біржан Елтанов 2020 жылға қарай халықтың 100 пайызы электрондық денсаулық паспортымен қамтамасыз етілетінін мәлім етті. Сонымен қатар, пациенттерге арналған мобильді қосымшалар дайындау жүйесі іске қосылып жатыр. Ал мұның қазіргідей қарбалас уақытта пайдасы өте зор. Өйткені, бүгіннің өзінде 100 мыңға жуық адам осы электронды мобильдік қосымшаны пайдаланып отыр. Пациент қай жерде  жерде жүргеніне қарамастан кез келген уақытта мобильдік қосымша арқылы емханадан, өзінің жеке дәрігерінен барлық ақпаратты ала алады. Оған дәрігерімен электрондық жүйе арқылы байланысқа түсуге де мүмкіндік туады.

Сонымен медицина саласында болып жатқан мәселені сараптап қарағанда байқағанымыз не? Жолдауда айтылған Президент тапсырмасы жүйелі түрде орындалып жатыр. Жұмыстың нәтижесі де көрініп тұрғаны байқалады. Өйткені біз қай салада болсын, көштен қалмауымыз керек. Өйткені денсаулық–зор байлық.

Еркін Қалдан

Қатысты Мақалалар