Венесуэла президенті: Трамп мені өлтіру үшін колумбиялық жендеттерді жалдаған

/uploads/thumbnail/20190130155737711_small.jpg

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трамптың өзін өлтірмек болғаны жайында мәлімдеді. Бұл туралы Мадуро Риа новости сайтына берген сұхбатында айтқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

– Дональд Трамп Колумбия билігі мен колумбиялық жендеттерге айтып, мені өлтіртпек болған. Егер алдағы уақытта маған бір нәрсе болса, Дональд Трамп пен Колумбия президенті Иван Дуке барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, - дейді Венесуэла президенті.

– Алдағы күндері жендеттер шабуыл жасауы мүмкін бе?,- деген сұраққа Николас Мадуро «Менің өмірім - Құдайдың қолында», - деп жауап берген.

29 қаңтар күнгі баспасөз мәслихатында АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның қолындағы ақ қағаздағы жазу  журналистердің назарына іліккен. Онда «Ауғанстан мәмілеге келуге дайын, Колумбияға 5000 солдат жіберу», - деген жазуды журналистердің көзі шалып қалған.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында белгісіз біреулер Мадуроға қастандық жасап, оны өлтірмекші болған. Ол сөз сөйлеп тұрған кезде бәзбіреулер жарылғыш зат бар дрондарды Венесуэла президенті тұрған жаққа қарай бағыттағаны белгілі. Аталмыш оқиғаға қатысты екі лауазымды әскери қызметкер қолға түскен.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар