Көпшілік алдына шығып сөз сөйлеу — өте үлкен қорқыныш сезімдерінің бірі. Егер осындай сезімді бастан кешірген болсаңыз, онда сіз жалғыз емессіз. Осындай қорқыныш сезімін сахна алдына шығарда Каруза, Джим Керри секілді танымал адамдар да бастан кешірген. Бірақ олар көп жыл өздерін шынықтыру арқылы үлкен жетістікке жетті. Ал, олар өздерін қалай шынықтырды, қандай қағидаларға сүйенді білгіңіз келе ме? Онда Чабаева Алмагүл ханым сізге көмектеседі.
Мен Чабаева Алмагүл ханымның алғашқы тегін мастер-классынан не үйрендім?
Аудиторияда Алма ханым күлімдеп қарсы алды. Дөңгеленген орындықтар, бейтаныс адамдар. Бастапқыда бір-бірімізден қысылып отырдық. Әрине, танымайтын орта. Алмагүл ханым ең бірінші аудиториядағы осы ыңғайсыздықпен күресуге кірісті. Яғни, біз әрқайсымыз өзімізді таныстыруға міндетті болдық. Қысылыңқы дауыс, ұялып-тартқыншақтау, тілдің күрмелуі бәрімізде де болды. Дегенмен, алғашқы топтық ойыннан кейін бұл кедергіден де құтылдық. Әр қайсымыз бір-біріміздің есімімізді жақсы қасиеттермен айту арқылы бір-бірімізді танып алдық.
Келесі мәселе әрине көпшілік алдында сөйлеу үшін нені ескеру керек, не маңызды деген сауал тұрды. "Қарсы алдыңыздағы адамның сізді түсінуі, неге байланысты? " - деген сұраққа жауап іздей бастадық.
Осы уақытқа дейін адамның сізді түсінуі үшін ең бастысы сөз деп ойлайтынмын. Мастер-классқа келген әр қатысушының да ойы солай болды. Алмагүл ханым осы сұрақты бізге қойған кезде, барлығымыз дерлік сөзге кемінде 100 пайыздық бағалаудан 50% бердік. Ал, Алмагүл ханым бұл пікіріміздің бұрыстығын айтып, өз сөзін дәлелдеп берді.
Ал сіз адамның түсінуі үшін сөз қаншалықты рөл ойнайды деп ойлайсыз?
Сіздің өз пікіріңізді тыңдаттырып, естіртуіңіздің 38%-ы дауысыңызға байланысты. Ал сөз арқылы сіз бар болғаны 7% ғана қарсы алдыңыздағы адамға айтар ойыңызды жеткізе алсаңыз, ал, қалған 55%-ы, сіздің іс-қимылыңыз бен басқа факторларға тікелей байланысты болады екен.
Ал, даусыңыздың естір құлаққа жағымды болуы — өз қолыңызда! Бар болғаны, бірнеше ережені қолдансаңыз болғаны. Соның ең маңыздысы — дикция!
Алма ханым ұсынған жаттығуларды жасамас бұрын менің дауысым мүлде өзгеше болатын. Арнайы жаттығуларды орындағаннан кейін ауыз қуысындағы ауырсынуларды байқай бастадым. Бұл біздің күнделікті даусымызға арнайы жасалатын жаттығулардың жасалмауынан екен. Тапсырманың бәрін аяқтап біткеннен кейін дауыстағы өзгеріс бірден байқалды. Алғашқы келген кезден, дауыс ашық, еркін әрі анық шыға бастады. Таңданысымызды да жасыра алмадық.
Мастер-класстың соңында қатысушылардың әрқайсымен бұрыннан таныс адамдарша қарым-қатынас орнады. Көпшілік алдында сөйлеуде жиі жіберетін қателіктерді байқап, өзімізді түзей бастадық. Тіпті қарапайым күндерде өзіміз байқай бермейтін жағдайлардың өзінде де кемшіліктер толып жатыр екен. Тіпті елеп-ескермейтін іс-қимылға байланысты аяқ қалай тұру керек, қол қалай қимылдау керек сынды сұрақтарға жауап та ала білдік. 1 жарым сағаттың көлемінде осынша нәрсені үйрете білген Алмагүл ханымның бір айда кез-келген адамды оратор етіп шығара алатынына күмәнім жоқ.
Сонымен, бұл мастер-класс сізге не бере алады?
- Топ алдында сенімді сөйлейсіз
- Өз ойыңызды шешен тілмен еркін жеткізесіз
- Паразит сөздерден арыласыз
- Сұрақтарға тосылмай ұтымды жауап бересіз
- Шешендік өнердің эстетикасын меңгересіз
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Академик В.В.Радлов(XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Ендеше басқа елдер таң қалған шешендік өнерімізді жаңғыртып, кез келген жерде тек суырып салма сөйлеудің әдістері мен қағидаттарын үйренгіңіз келсе Алмагүл Чабаеваның ораторлық өнер курсына қатысуға кеңес беремін.
Пікір қалдыру