Мәңгілік кандидаттар. Президент сайлауы десе Мэлс Елеусізов пен Ғани Қасымов елдің есіне түсері анық. Бірнеше рет ел басқарудан үміттенген тұлғалар дауыс жинай алмай, жеңіліп қалса да осы сайлау науқаны арқылы танылды. Биыл олар тағы да бақ сынап көре ме, жоқ па? Сонымен, осыған дейін болған президенттік сайлауларлда ерекше қырларымен ел есінде қалған өзге де кандидаттар жайлы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге ала отырып хабарлайды.
Президент сайлауы еліміздегі маңызды саяси науқан. Неше түрлі шоу да, дау да осы кезде қыза түсетін. 1991 жылдан бері елімізде 5 рет президент сайлауы өтті. Одан соң ел есінде қалған науқан 1999 жылдың қаңтарында ұйымдастырылды. Президенттіктен үміттеніп бірқатар саяси фигуралар шықты.
Сайлаудан кейін харизмасымен Ғани Қасымовтың танымалдығы арта түсті. Ол 1999 жылы үшінші орын алса, 2011 жылғы сайлауда екінші орынға шыққан. Енді үшінші рет қатыссам тағы бір орынға көтеріліп кетермін деп әзіл-шынын аралыстырады...
Ғани Қасымов Мемлекет және қоғам қайраткері: Ер кезегі үшке дейін дейді ғой, бірақ жастар қатысқаны дұрыс деп есептеймін. Жаңа буынның өкілдері шығу керек.
Сайлау десе жасыл желегімен жалаулатып шығатын Мэлс Елеусізовті де жұрт үміткерлер арасынан іздейді. Алайда, табиғат жанашыры биылғы саяси науқанға дайын емес сияқты. Саяси процесс бұлай тез өрбиді деп күтпесе керек.
Мэлс Елеусізов, эколог: Мен қазір заңды зерттеуім керек. Қарағанда жоқпын, тез болады деп кім ойлаған. Бірақ қатысқан дұрыс қой. Президент болам деп....Мен көп сайлауға қатыстым. Сонда халықпен кездесуге көп мүмкіншілік бар. Қазір ауа-райы өзгеріп бара жатыр. Оны ешкім ойлап жатқан жоқ.
Ал 2005, 2011 жылғы сайлау кезінде Ерасыл Әбілқасымов, Жамбыл Ахметбеков деген тұлғаларды халық тани бастады. Каратист кандидат президент бола алмаса да, сайлаудан кейін Мәжіліске депутат болып кетті.
Мырзатай Жолдасбеков:
"Біз совхоздың директорын, мектеп басшысын таңдап жатқан жоқпыз."
Президенттіктен үміткерлерге қойылатын талаптардың бірі - мемлекеттік тілді меңгеруі. Осы сыннан талайы сүрінді. Сенатор Уәлихан Қайсаровта екі рет кандидатурасын ұсынып,емтихан тапсыра алмай қазақ тілінен қате жіберді. Ана тілге шорқақ болған үміткерлердің бірі - Мұсылмандар одағының басшысы Мұрат Телебеков. Есесіне, Телебеков сайлау комиссиясында шоу ұйымдастырып, ел есінде қалды. Соңғы рет президент сайлауы 2015 жылдың көктемінде өткізілді. Кезектен тыс. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ел басқарудан үміттенген Әбілғазы Құсайыновтың қазір қайда жүргені белгісіз. Ал Тұрғын Сыздықов Мәжілістегі ең жасамыс депутаттардың бірі. Ал биылғы сайлауға кімдер түседі, әзірге белгісіз.
Ұсынған: Фариза Жомартқызы
Пікір қалдыру