«Прогресс» политехникалық колледжінің білім алушылары «Алматы қолөнер палатасы» қоғамдық қорының қолдауымен қалалық қолөнер жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі колледж тәлім алушылары өз бұйымдарын ұсынды: қолдан жасалған сабын және тігін өнімдері (балалардың ұлттық киімдері, төсек-орын жабдықтары, сүлгілер және т.б.).
Нухра Сейтжапбарова, қолдан сабын жасау бойынша тәлім алушы: «Мен 3 топтағы мүгедекпін, есту және сөйлеу мүмкіндігінен айырылғанмын, бірақ колледжде білім алу арқасында мен жаныма жақын мамандықты игердім. Мен қолдан сабын жасаймын және мен үшін бұл тек қолөнер ғана емес, сондай-ақ бұл - шығармашылық. «Прогресс» колледжінің білім алушысы Асхат Ақкунашевпен тандемде жұмыс істей отырып, біз пішіні, түсі және фактурасы бойынша бірегей бұйымдар жасап шығарамыз. Осылай еңбек етіп, бір-бірімізді түсініп, қолдауды үйрендік, нәтижесінде отбасын құрып, осы жәрмеңкеде бүгін ұсынылып отырған бірлескен шығармашылықты жалғастырудамыз».
Шырын Маралбекова, тігін бұйымдарын тігу бойынша тәлім алушы: «Мен нашар естимін, бірақ бұл тігіншілікті үйренуге кедергі келтірмеді, мен қоғамға пайда әкелетініме және отбасының жалпы табысына үлес қоса алатыныма өте қуаныштымын. Әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамын, әрине, өз бұйымдарымды әртүрлі жәрмеңкелерде көргім келеді, себебі менің жұмыстарым айналадағылар үшін қызықты екенін байқаймын және бұйымдарымды сатып алған кезде қуанамын».
Мигерова Елена, тігін бұйымдарын тігу бойынша тәлім алушы: «Келеңсіз жағдайға тап болып, салдарынан 30 жасымда аяғымды кесуге мәжбүрлік туындады, мен мүгедек атандым. Бұрын мен сауда жұмыс істегенмін, қазір мұндай кәсіп мен үшін емес. «Прогресс» колледжі арқылы үйде отырып жұмыс істей алатын мамандық бойынша білім алу мүмкіндігі пайда болды. Қазір мен курсты сәтті аяқтаудамын және алғашқы тапсырыстар да бар. Мүгедектер проблемаларына немқұрайлы қарамайтын және көмек көрсететін барлық адамдарға үлкен рахмет айтқым келеді, оқытушыларға да алғысымызды білдіреміз».
«Прогресс» колледжі Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында жұмыс істейді және студенттерді әртүрлі мамандықтарға оқытады, сонымен қатар колледж 18 жастан асқан ересек адамдарға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сұранысқа ие кәсіптер бойынша мамандық алуға мүмкіндік береді.
«Прогресс» колледжінің директоры Жанна Телпекбаеваның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар жандарды оқытудың маңызды ерекшелігі бар - мұғалім мұндай студенттерге екі есе сүйіспеншілікпен қарауы керек және шынайы болуы шарт. Сондай-ақ, колледж өз түлектеріне болашақта жұмысқа орналасуға немесе өз ісін ұйымдастыруға көмектесуді маңызды санайды.
Жанна Телпекбаева, «Прогресс» колледжінің директоры: «Алдымен біз оларды үлкен кәсіпорындарға, тігін фабрикаларына орналастырдық, бірақ жұмыс қарқыны, жоспары, барлық жағдай оларға теріс әсер етті, тиісінше олар алаңдады, уайымдады және ештеңе шықпаған соң, олар өздері жұмыстан өз еркімен кете бастады. Сол шақта біз ауылымыздағы, Алматыдағы киім-кешек жөндеудің шеберханалары бар сауда орталықтарын аралып көрдік, олар сонда жұмысқа орналасып жатты. Өз ісін ашқысы келетіндерге біз үйде өз бизнесін дамытуға көмектесеміз. Әр адамға жеке қарау орынды, әлсіз емес, адамның басым қасиеттеріне зер салып, оларды дамыту керек. Біз «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына өте ризамыз, олармен бірге біз көптеген жылдар бойы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өз өмірлерін жақсартуға көмектесетін және олардың өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын осы жобаны табысты жүзеге асырудамыз».
Пікір қалдыру