#менояндым: “Ал сен қашан оянасың?”

/image/2019/06/03/fb685e1e6f351945e4a4.png

Алматылық белсенділер #менояндым флешмобының екінші бөлімін шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жолы жемқорлық, суицид, жол апаты, ақша жымқыру, елдің әлемдік рейтингтегі соңғы орындары туралы айтып берді.

Видеода журналист Айсана Әшім, актер Әнуар Нұрпейісов, жазушы Бақытжан Бұхарбай, журналист Әсем Жапишева, режиссер Катерина Суворова, мүсінші Дулат Үсенбаев, актриса Гүлнар Сильбаева және т.б. көре аласыз.  

Олар жемқорлық, суицид, жол апаты, ақша жымқыру, сөз бостандығы, елдің әлемдік рейтингтегі соңғы орындары туралы айтып берді.

“Әрі қарай ұйықтай бер, бірақ мен ояндым. Ал сен оянасың ба?”

Әнуар Нұрпейісов барлығын #менояндым хэштегімен өз ойын туралы жазуға шақырды. Қазіргі таңда, бұл хэштегпен 9 мың материал жарияланды.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар