Әкімшілік полиция комитеті: "Сайлау күні адамдардың көп жиналуына жол бермейміз"

/image/2019/06/07/20170709015242844.jpg

Барлық шара күшейтілген режимге сай атқарылады және қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері болса, тиісті шара қолданылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Комитет төрағасының мәлімдемесіне сүйеніп. 

Алайда, сайлау кезінде адамдардың жиналуына тыйым салынбайды.

"Біріншіден, рұқсат етілмеген митинг болса, біздің негізгі міндетіміз – қоғамдық тәртіпті сақтау. Ондай шаралар кез келген жағдайда атқарылады. Сайлау күні адамдардың көп жиналуына жол бермейміз. Біз бәрін жоспар бойынша атқаратын боламыз. Әрине, ішімдік ішу, қоғамдық орында мас күйде жүру сияқты тәртіп бұзушылық болса, міндетті түрде шара қолданамыз", - дейді Байболов.

Әрбір өңірлік орган өзі орналасқан жерде тәртіпті бақылайтын болады.

"Сайлау өтетін күні барлық аймақтарда тәртіпті қадағалау шаралары жүргізіледі. Бұл – заң талабы. Негізі, артық шығын шықпайды деген жоспар бар. Мұның бәрі қоғамдық тәртіпке бөлінетін қаражаттың есебінен болады. Аймақтардан қосымша күш тартылмайды. ", - деді Байболов.

Оның айтуынша, бүгінде нақты нұсқау бар. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті қадағалауға шыққанда арнайы құрал-жабдықтарын да алып шығады. Бұның бәрі нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген.

–Заңда қаруды және арнайы құрал-жабдықтарды қолдану шарттары жазылған. Дәл қазір атап айта алмаймын. Өйткені қателесуім мүмкін. Бірақ заңға бағынбау немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру сияқты әрекеттер болса, арнайы құралдарды қолдануға рұқсатымыз бар, - дейді Байболов.

 Оқи отырыңыз:

"Бұл біреуден қорғану үшін емес": 21 мыңнан астам полицей жұмысқа шығады

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар