Асқар Мамин ҰБТ-ға 100 пайыз дайын болуды тапсырды

/image/2019/06/18/6689191b9f2ba41712c23c4d0ace6196.jpg

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Білім және ғылым министрлігіне Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 100 пайыз дайын болуды тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"2017 жылдан бері тестілеу дәл қазіргі форматта, жоғары оқу орындарына түскісі келетін түлектер үшін ерікті түрде өткізіліп келеді. Көріп отырғандарыңыздай, тестілеуден өткісі келетін мектеп бітірушілер саны 117 мыңнан асады. Білім және ғылым министрі айтып өткендей, осыған дейін жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін тапсырылатын тестілеу өткізілді. 20 маусымнан бастап мемлекеттік білім гранттарын жеңіп алғысы келетін мектеп біітірушілер үшін тестілеу басталады. ҰБТ өткізуге толықтай дайын болуымыз керек", - деді Үкімет басшысы.

ҚР Үкіметінің басшысы өңірлердің әкімдеріне оқушылардың ҰБТ-ға қатысуын ұйымдастыру мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

"ҰБТ өткізуге дайындық 100% қамтамасыз етілуі тиіс. Білім және ғылым министрлігінің міндеті – тест өткізу пунктерінің барлығының жұмысын нақты үйлестіру", - деді Асқар Мамин.

Мемлекеттік органдарға ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар