Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылының тұрғыны, аудандық мәслихаттың депутаты Тұрдалы Қалдыбаев Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне аудан әкімі "Ғалым Әміреевтің жүргізіп отырған саясатына аудан тұрғындарының басым бөлігі қарсы" екенін айтты. Депутаттың айтуынша, оған себеп - Ғалым Әміреев Жаңақорғанға әкім болып келген сәттен бастап аудан аумағында "сыбайлас жемқорлық әрекеттері көбейіп, әкімдік қызметкерлері лауазымынан негізсіз босап жатыр".
Даудың басы
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. К. Тоқаевқа
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының төрағасы Ж. Қ. Асановқа
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ғ. Д. Нұрдәулетовке
Қазақстан Республикасы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А. Ж. Шпекбаевқа
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының сексен бес мың
халқының атынан бір топ тұрғындар аудан әкімі Ғалым Махмутбайұлы
Әміреевтің қатысымен ауданымызда болып жатырған заңсыздықтар мен
сыбайлас жемқорлық қылмыстарға назар аударуларыңызды талап етеміз.
Ғ. Әміреев ауданға әкім болып келгелі елдің іші нілдей бұзылды.
Аудан әкімі елге Қызылордада өзімен бірге жұмыс жасаған командалас
жігіттерін ала келді. Атап айтқанда Әбунасыр Бекішевті аудан орталығы
Жаңақорған кентіне әкім, Дүйсекеев Жасұланды аудан әкімі аппаратының
кадр мәселелері жөніндегі бас инспектор, Қизатов Бақытты «ЖаңақорғанБірлестік» қоғамдық қорына жетекшілікке қояды.
Көп ұзамай барлық мекеме басшылары мен ауыл әкімдерін
кезектілікке қойып, «аудан әкімінің тапсырмасы», «облыс әкімдігінің
тапсырмасы» деген желеулермен жылына 2-3 реттен қомақты алым жинап
отыруды жүйелі түрде орнатады.
Аудан әкімдігінде қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілерді жікжікке бөліп тастап, қарсы келгендерін қудалап, заңсыз жұмыстан
босатқан.
Өзіне адал, жеке басына берілгендік қасиеті бойынша
бағаланғандарды қамқоршылығына алып, кемшілігін кешіріп, қызметін
жоғарылатып, кейбірінің ағайынын ауданның құрметті азаматтығына
ұсынады.
Атап айтқанда ішкі саясат бөлімінің бастығы Әбілғазы Төлегеновті
ауыл әкімдерінің сайлау нәтижесін бұрмалап үстінен қылмыстық іс
қозғалса да, өзіне адалдығын бағалап осы таңға дейін қызметінен
босатпай, қайта аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындауға
жанталасуда. Қорғаны мықты Төлегенов заңсыз әрекеттерін әліде
жалғастыруда
Бұрынғы қаржы бөлімінің бастығы Салыбеков Адайды ертіп келген
көмекшісі Ж. Дүйсекеевтің әйеліне жұмыс істемесе де бірнеше ай заңсыз
еңбекақы төлеп отырғаны үшін аудан әкімінің орынбасары етіп
тағайындайды.
Тағы бірі аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Ахметов
Халитті жағымпаздығы үшін, жұмыстағы кемшіліктеріне көз жұма қарап,
елге арызқой «обком» атымен танылған ағасы Ахметов Абдрахманды
құйтырқы әрекеттермен құрметті азаматтыққа өткізеді.
Қазіргі таңда Әміреевтің Қызылордадан келген командаласы
Жаңақорған кентінің әкімі А.Бекішевке қылмыстық кодекс (189-бап. Сенiп
тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)
бойынша сот процесі басталды.
Пара алумен ұсталған Дүйсекеев Жасұланның ісі аудандық сотқа
қылмыстық кодекстің 190 бабына яғни қызмет бабын пайдаланып жасалған
алаяқтыққа ауыстырылып, соттың алғашқы отырысы өтті.
Әкімге адал берілген Ахметов Халит қылмыстық кодекстің 366 бабы
бойынша (пара алу) ірі көлемде пара алғаны үшін күдікті деп танылып,
тергеу жүргізілуде.
Ал, тағы бір штаттан тыс Қызылордадан еріп келген көмекшісі Қизатов
Бақыт «Жаңақорған-Бірлестік» қоғамдық қорының былықтарына
байланысты тексерілуде.
Әкіммен бірге жүріп, бірге тұратын (қызметтік үйде) көмекшілерінің
заңсыздықпен айналысып жүргенінен хабарсызбын деген Әміреевтің
сөзіне кім сенеді. Болмаса бір елді басқарып отырған ауыл әкімдері мен
бөлім бастықтары жас балалардың сұрағанын бере беретін ақымақтар ма?
Сондықтан, осы жағдайдың барлығына аудан әкімі Әміреев ыңғай берген
деп есептейміз. Осы қылмыстарға байланысты қаншама ауылдың әкімдері
мен мекеме бастықтары шатылып, жауап беруде. Қазіргі уақытта ауданда
қоғамдық саяси ахуал шиеленістің алдында тұр.
Жақында әлеуметтік желіде Т. Қалдыбаевтың Президент
Қ. Тоқаевқа, А. Шпекбаевқа мәлімдемелері шықты. Болып жатырған
жағдайларға арнайы ресми баға беріп, баяндап жатырған құзырлы
органдар болса да үнсіз.
Т. Қалдыбаевпен жолыққанымызда өзінде бар ақпараттармен
бөлісіп, Әміреев пен оның командаластарының ауданда жасап жатқан
өрескел заңсыз әрекеттері жөнінде Президент әкімшілігінен бастап,
барлық жоғары тұрған органдарға 2018 жылдың қазан айында жазған
шағымымен таныстық. Жоғарғы орындарға жолдаған шағымына облыс
әкімі аппаратынан заң бұзушылықтар анықталмады деп жауап келген.
Тағы бір түсінгеніміз, лауазымды тұлға аудан әкімдігінің бас инспекторы
Ж. Дүйсекеевтің ісін қаржы полициясы қылмыс кодексінің 366 бабынан
алаяқтыққа 190 бабына ауыстырып сотқа жолдаған. Ал, Ж. Дүйсекеевтің
әйеліне жұмыс істемесе де заңсыз айлық төлегені мен соған сәйкес заңсыз
жәрдемақы тағайындағаны жөніндегі шағымын жылы жауып қоя салған.
Ал, аудан әкімінің ықпалымен Жаңақорған-Бірлестік қоғамдық қоры
бойынша атқарылмаған жұмыстарға қаражат төлеу, жұмсалған
шығындардың құнын негізсіз арттыру, жалған құжаттар арқылы
жұмсалған қаражаттарды бүркемелеу сияқты қаржылық былықтары бола
тұра, экономикалық қылмыс сипатын өзгертіп, іс-материалдарын ішкі
істер саласына жолдаған. Сонда қаржы полициясы осы заңсыздықтарды
анықтауға білімі мен тәжірибесі жетпей жатыр ма? Болмаса
заңсыздықтарды анықтауға дәлелдер жеткілікті емес пе?
Біз өзіміз зерделеп және заңгерлермен ақылдаса отырып,
Ж. Дүйсекеевтің ісін дұрыс дәрежеленбеген деп ойлаймыз. Себебі,
Нормативтік құқықтық актілер туралы заңда Көлемi ауқымды нормативтiк
құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары)
тарауларға бiрiктiрiледі. Ендеше Қылмыстық кодекстің 15 тарауына
(15-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР) жатқызылған 366 баптағы
пара алу ісін, 6 тарауда (6-тарау. МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР) қарастырылған ұсақ-түйек жымқыру, ұрлық
сияқты істермен қатар дәрежелеп, 190 баппен алаяқтық деп
қарастырғанын көріп, шынында да әкім мен оның командасын қолдаушы
ықпалды тұлғалар бар ма деген ойға қаламыз.
Құрметті ел сенімін арқалаған азаматтар!
Еліміз шын мәнінде Конституцияда көрсетілген зайырлы, құқықтық,
демократиялы мемлекет деп есептейтін болсаңыздар, Жаңақорған
ауданының әкімі Ғ. Әміреевтің заңсыз әрекетін әшкерелеп, нақты, шынайы
және түбегейлі шешім қабылдауларыңызды ТАЛАП ЕТЕМІЗ.
Шындыққа қол жеткізе алмаған жағдайда тәуелсіз бұқаралық
ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, наразылық акциясын
өткізетінімізді жеткіземіз.
Пікір қалдыру