Қазақстанда қай аймақтың тұрғындары көп ажырасады?

/image/2019/07/18/crop-116_52_481x641_razvod_274.jpg

Ажырасу деректерінің 27,1 пайызы 5-9 жыл некеде болғандар арасында байқалып отыр. Некелері 2-4 жылды құраған жас жұбайлар арасындағы ажырасушылардың үлесі 23,5 пайыз. Бір жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу дерегі 7,5%, бір жылға дейінгілер арасындағы көрсеткіш 5,3 пайызға тең. Он жыл отасып ажырасқандар да аз емес. Олардың үлес салмағы 36,6 пайызды құраған.

Ең көп ажырасу деректері солтүстік аймақтар – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарына тиесілі. Шаңырақтың шайқалу фактілері қазағы басым Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында аз ұшырасады.

2018 жылы 137,8 мың жас отау құрған. Бұл 2017 жылдан 2,8 пайызға төмен. Тіркелген некелердің жоғары коэффиценті елордада байқалуда. Онда мың адамға шаққанда 10 неке тіркелген. Үйлену деректерінің төменгі көрсеткіші Ақмола облысында көрініс табуда: 1000 адамға шаққанда 6 неке.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар