Инспекторға шабуыл жасаған броконьерлер қолға түсті

/image/2019/07/24/crop-6_10_586x892_414c1434de0a3f8409d0953c27fb4ddf.jpg

Ақмола облысында «Охотзоопром» өңірлік филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департаменттің мәліметінше, Полиция қызметкерлерінің жүргізген кешенді жедел-іздестіру шарасы кезінде инспекторларға шабуыл жасаған екі күдікті қолға түскен.

Ұсталғандар Арқалық қаласының тұрғындары екен.

«Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жастағы баласы полициядан жасырыну мақсатында автокөліктен құтылмақ болған. Алайда, полиция қызметкерлерінің ширақ қимылының арқасында күдіктілер Қостанай облысының аумағында ұсталды», – деп хабардар етті полцицияның баспасөз қызметіндегілер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар