Шетелде оқимын десеңіз...

/image/2019/08/16/crop-38_247_1167x2075_ppj_sjvkl1o.jpg

"Білімді тал бесіктен, жер бесікке дейін ізден" деп халқымыз білім алуды басты орынға қойған. Қазіргі қоғамымызда оқимын деген адамға көп жағдай жасалған. Бүгінде шетелде оқып, білімін жетілдіріп жатқан қазақ жастары аз емес. Шет мемлекетте оқудың пайдасы тимесе, зияны тимейтіні анық. Qamshy.kz ақпарат агенттігі жарты жыл Түркия мемлекетінде оқып келген Айдана Бабатаевадан шетелде оқу жайлы сұрап, нені қаперде ұстау керектігін білген болатын.

 – Айдана сен Түркия  мемлекетінде оқып келдің. Қандай бағдарламамен бардың? Қай қаласында оқыдың?

– Мен университетімде студенттерді жарты немесе бір жылға оқуға жіберетін "академиялық ұтқырлық" бағдарламасы бар. Мен Түркия мемлекетінің Кастамону қаласына барып келдім. Оқу жылы аяқталғанда жаңа оқу жылында шетелге оқуға жіберетін студенттерден өтініш жинайтын, менде тапсырып көрдім. Группадан Асем екеуміз тапсырғанбыз, сосын жарты жылдық оқуға бардық. Бұл бағдарламаның екі түрі бар, толықтай шығындарды жабатын грант және тек оқу ақысын жабатын грант түрі. Екінші түрімен бір семестрда 15-20 студент Түркияның алты қаласының біреуін таңдай алады.

Айдана Бабатаева

– Түркияда оқып жатқан қазақ жастары көп пе? Шетелде оқудың біздегіден айырмашылығы бар ма?

– Біз барған Кастамону 90 мыңдық тұрғыны бар Түркияның Қара теңіз бөлігінде орналасқан шағын қала. Мұнда шетелдіктер өте көп және басым көпшілігі студенттер. Кастамонудағы қазақтар саны 100-ден асады. Сонымен қатар алпыстан аса басқа ұлт өкілдерін кездестіруге болады.  Оқу жүйесі: студенттер бірінші семестрда бір рубежка, бір сессия тапсырады. Сол екеуінің арасында тек лекция сабақтарын алады. Семинар сабақтар болмайды. Және осы алған білімді емтиханда көрсету керек. Емтихан жазбаша үш сұрақтан немесе оқытушының қалауымен тест сұрақтарынан тұруы мүмкін. Емтиханға әр сабақтан 20-30 минут уақыт ғана беріледі. Дайындық кезінде студенттер өте қатты дайындалады. Кітапхана толып кететін кездері де болады.

Бізде бір қызық оқиға болған. Бір досымызды емтихан кезінде мүлдем көрмедік, сөйтіп бір аптадан кейін кездессек, құрбымыз қатты арықтап кетіпті. Не болған саған десек? "Емтихандар болды емес пе? Соған дайындалғаннан" деп жауап берді. Біз күлдік. Айтпағым мұндағы студенттер өте қатты дайындалады".

– Шетелде оқудың үш артықшылығын айтып берсең?

– Студенттерге білім алуға мүмкіндіктер көп жасалған. Шетелден көптеген жаңа достар табасың. Дамисың.

–  Сұхбатыңа рахмет! Сәттілік!

Сұхбаттасқан, Алғабек Хамитұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар