Азаматтық қоғам дегеніміз не? Оның Қазақстандағы қалыптасу жолдары қандай? Әрине мұны әркім өзінше түсінеді. Десек те, өзінің Атазаңы мен қолнасытағы заңдарымен өмір сүрнетін әр бір Қазақстан азаматының өмір сүру бостандықтары еркін. Ал еркіндік дегеніміз не? Байбалам салып, көшеге шығып, пікірін айқаймен білдіру емес. Елдегі кез келген адам өз бостандығы үшін күресе алады. Білім алуына, пікірін бұқаралық ақпарат құралдарында білдіруге құқы бар. Елдегі болып жатқан әртүрлі саяси оқиғалардан олар ешқашан тыс қала алмайды. Ал ақиқатына келсек азаматтық қоғам қалыптастыру еліміздің негізгі саясатының бірі болып табылады.
Мемлекет елде тұратын азаматтардың барлығына, яғги дініне діліне, жынысына, ұлт, нәсіліне қарамастан мүмкіндік беріп отыр. Демек азат қоғамда азаматтық ұстанымыңды пікіруге құқың бар. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Қазір өз позицияңды білдіруге ешкім кедергі жасамайды. Бір ғана мысал, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Тамыз айының соңында оның алғашқы отырысы өтпек. Бұл кеңесіп кете салатын жиын емес., Қоғамдағы ең күйіп тұрған мәселелер сөз болады, Ұлттық кеңеске мүше азаматтар қоғамның қазіргі ең белсенділері десе де болады. Сондықтан бұл жерде көп нәрсе талқыға алынатыны сөзсіз. Бұл халықтың да көңілінен шығады деген ойдамыз.
Жалпы кейбіреулер Қазақстан қоғамында демократиялық қағидаларды тезірек орнату үшін жедел іске кірісу қажет деп есептейді. Жалпы демократиялық құндылықтар бір күнде орнай салмайды. Оған ұзақ жылдар уақыт қажет. Қоғам қалай дамиды, әрине өз заңдылығымен. Тек сол жолда азаматтық ұстанымыңды айқын білдіріп, белсенділігіңді бірге білдіріп отыруың қажет. Бірақ қандай жағдайда да еркіндігіңді, пікіріңді анық білдерсең де, бір нәрсені ұмытпауың керек. Ол жерде тек қана заң үстемдік етеді. Заңнан биік ешкім жоқ. Заң ханға да, қарашаға да бірдей.
Әрине мемлекет адамдардың еркін өмір сүріп, олардың бостандығын қамтамасыз етеді. Президент азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Ал азаматтар не істейді? Олар мемлекеттің гүлденіп, дамып, көркеюіне өздерінің үлесін қосады.
Азаматтық қоғамда мемлекетқұрушы ұлт негізгі рөль атақарады. Мысалы, Қазақстанда үлес салмағы 70 пайызға жеткен қазақ ұлты қазіргі уақытта еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың басты кепілі болып отыр. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Расын айту керек,. Бүгінгі таңда елеміздегі басқа ұлттар мен диаспоралар осы қазақ ұлтының айналасына топтасып отыр. Елбасы Жарлығымен сонау 1990 жылдардың ортасында құрылған құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда ел саясатын жүргізуде негізгі рөль атақарып отыр. Елімізде тұратын басқа диаспора өкілдері ешқандай қысым көріп жатқан жоқ. Олар пікірін еркін бюілдіре алады. Парламент мәжілісінде олардың өз мінбері бар. Президент жарлығымен 9 адам, яғни 9 диаспора өкілі Мәжіліске депутат болып сайланады. Ассамблеяға ерекше мәртебе берілген. Демек азаматтық қоғамды қалыптастыруда Қазақстандағы өзге ұлттар мен ұлыстар да саяси, әлеуметтік белсенділігін көрсетіп отыр.
Бір ғана мысал, 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялады. Аталған бағдарламаның мақсаты өте үлкен. Қоғамды ізгілендіру, Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ендіру. Демек. Бұл – стратегиялық құжат. Елдің дамуы осындай бағдарламаның негізінде жүзеге асады. Арнайы жобалар дүниеге келеді. Осыған байланысты арнайы заңдар қабылданады. Демек, заңды да жасайтын адам. Ал азаматтық қоғамды да қалыптастыратын да–адам.
Бұдан шығатын түйін, Қазақстан құқықтық зайырлы мемлекет құру жолында үлкен белестерді бағындырып жатыр. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Бірақ еңсерілетін белес.
Бек Байтас
Пікір қалдыру