Тараздың тарихи келбеті қалыптасып келеді

/image/2019/08/20/crop-4_6_417x742_tarazdynh-tarikhi-kelbeti-qalyptasyp-keledi.jpg

Тараз қаласы – 2 мың жылдан астам тарихы бар еліміздегі өң көне шаһар. Осыны ескере отырып, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қаланың сәулеттік стиліне тарихи элементтерді енгізіп, оның өткені мен бүгінін салаластыруды басты мақсат етіп қойған болатын. Аталған тапсырмаға орай облыс орталығындағы барлық құрылыс нысандарында көне қаланың келбетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүруде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл істе көне қала орнында құрылысы жүріп жатқан «Шахристан» тарихи кешені орасан зор үлес қоспақшы. Атап айтқанда, аталмыш кешенде өлкетану мұражайының, «Ретро-фестиваль» амфитеатрының, көрме павильонының, көркем сурет галереясының, қол-өнер шеберханалар орталығының, «Руханият» орталығының құрылыстары жүргізілуде. Бұл нысандардың барлығы шығыстық стильде салынуда.

Осы аумақта жолаушыларды тасымалдайтын 26 бағыттағы қоғамдық көліктердің өтетінін ескере отырып, аталған «Арбат» аймағын айналып өту үшін Байзақ батыр көшесін Төле би даңғылынан Ташкент көшесіне дейін кеңейту, Ғ. Байтасов көшесін Төле би даңғылынан Көшеней көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары мен Көшеней көшесінен Аққозиев көшесіне шығатын жолдың құрылысы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Төле би даңғылының бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейін сквер, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясы салынады. «Тараз-Арена» спорт кешенінің маңындағы «Даңқты спортшылар» аллеясы бой көтерсе, «Мамыр» саябағын абаттандырылып, «Көне Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылады.

Ал, жаңа 15-ші мөлтек ауданында 40 гектар құрайтын мәдени-әкімшілік орталығын абаттандыру мен Оқушылар сарайы, жеңіл атлетика манежі және гимнастикалық спорт кешенінің құрылыстары бюджет есебінен, ал Неке қию сарайы мен Салтанат сарайының құрылыстары жеке инвесторлар есебінен басталуы жоспарлануда.

Осы ретте, ретсіз сауда орындарын жою бойынша да жұмыстар жүруде. Бұл мақсатта «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда. Қазіргі кезде бір типті дүңгіршектердің эскизі бекітіліп, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 70 жер телімдері жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп, тағы 20 телімнің құжаттары рәсімделуде. Олар да жоғарыда аталған сәулет стилінен ажырамайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар