Қызғаншақтар қайдан пайда болады?

/uploads/thumbnail/20170708182420550_small.jpg

Алдыңғы мақалада балалар қызғанышы туралы қозғасақ, ендігі тақырыбымыз ересектерге арналады. Қызғаныш   сезімі  образдап айтсақ, адам баласын өз ырқына көндіруге қауқарлы.  Яғни ес біліп, есейген кезде алдымыздан түрлі мәселелер шығады. Осы кезде қызғаныштың да қатар жүруі қалыпты құбылыс деп білеміз. Бұл жөнінде «Қамшы» порталының психологы кеңес береді. Қызғаныш  психологиялық бірнеше топтарға бөлінеді. Бұл жайында кейінірек тоқталамыз.  Бозбала мен бойжеткен шақта жастардың бір-бірін қызғануы, ерлі зайыптылардың қызғанышы, жұмыстағы әріптестердің қызғануы, тағысын тағы демекші. Сонымен қызғанышты қарапайым көрініспен жеткізетін болсақ: белгілі бір объектіге күмәнмен қарау, бір нәрсені жақсы көру т.с.с. Міне осы күмән қызғаншқа жетелейді. Осы кезде адам өзіне маңызды нәрсесін жоғалтып алатынына алаңдайды, қорқады.

Қызғаныштың дабылы мынадай  эмоциялармен көрінеді: қорқу, ашу-ыза, көре алмаушылық, ұрысқақ, кек қайтару, т.с.с

Қызғаныштың  көптеген көріністері мен анықтамалары бар. Мысалға кейбір мамандар қызғаныш пен іш-тарлықтың (завесть) жақындығы барын айтады. Бірақ та ададамдардың салаларына байланысты олардың екі бөлек мағынасы бар.         Мысал ретінде жұмыста бірге істейтін әріптестер жайында сөз етейік. Қазіргі кезде жұмыс орнында бақталастық пен адамдардың  бірінің- бірі аяқтан шалуы көбейіп кетті. Қасындағы жолдасы, не болмаса құрбысы бір сатыға көтерілсе болды, бірден көре алмаушылық, іш-тарлық пайда болады.

Егер психологиялық тұрғыда сипаттасақ; қызғанатын адамдардың көбінесе бейімделушілігі, елмен қарым-қатнасы таяз болып келеді.  Қуланып бетке өтірік күледі

. Ондай адамдарды шизойдты мінезді (шизойдный) дейміз. Шизойдты мінезді  адамдар –   жабық  оқшаулау келеді. Басқа  адамдардың сезімдерін түсінуге қабілеттілігі жоқ. Олардың ішкі әлемі әрдайым дерлік өзіне ғана арналған құмарлық пен  қиялға толы болады. Бұндай мінезді адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа, байланысқа  түсуде қиындық туғызады. Сол себепті бейімдеушілігі төмен келеді. Қызғанышты үш түрге қарастырып көруге болады:

  1. Қатыгез қызғаныш (Тираническая ревность)

Қатыгез қызғаныш, қауіпті десек қателеспейміз. Себебі адам бір беткейлі, өзіне-өзі риза және майда-шүйдеге (мелочник) қарап  қалған. Бұндай ададамдар айналасына көп міндеттерді жүктейді. Сонымен қатар қолынан келсін -келмесін өзіне көп жұмыстар алады. Өзіне ешқашан кінә тақпайды, қателікті айналасынан көреді. Айналасындағы адамдарды өзінен төмен санайды.

  1. Қысымшылық (Ущемленность)

Бұндай адамдардың өзіне деген сенімсіздігі жоқ.  Сонымен қатар өз ойын ашық білдіра алмайды.  Өзін өзгелерден төмен санауы, тез ренжігіш болып келеді.  Болған жайтты үлкейтіп көретін адамдар тобына жатады. Өзіне осылай қысымшылықты арттыра отырып, белгілі бір жетістікке жете алмайды. Осы себептен қызғаныш пайда болады.

  1. Төңкерілген қызғаныш (Обращенная ревность)

Бұндай адамдар өзгеге деген сенімсіздігі  артығырақ келеді. Мысалы өзі өзге адамдарға «барып жүрсе»,  қасындағы адамдар да солай істейді деген пікірде болады. Бұл қызғаныш көбінесе ерлі-зайыптыларда кездеседі. Енді осы аталған қызғаныштарды  психологиялық тұрғыда қалай алдын аламыз. Бұл жайға да біраз тоқталып кетсек. Қызғаныш –   ол сезім. Сезім- ол нәзік. - Ең бастысы сезіміңізді және мінезіңізді қалыптастыра білуіңіз  керек.  Бұл өмірде жаман адам болмайды. Тек біз жақсы көретін және жақсы көрмейтін адамдар болады. - Әр нәрсеге зейін бөліп қарау керек. (жұмыс, білім, хобби) - Істеген ісіңізді және қатеңізді қорытындылап, екінші қайталамайтыныңызға  өзіңізді міндеттеуіңіз керек. - Әр нәрсеге ашуланбай, қызғанбай кешіріммен қарауға дағдылану қажет. - Өміріңізге жаңашылдық енгізуге, сонымен қатар арманыңызға жетуге жоспар қалыптастыру керек.

Ермек Нұрымов «Қамшы » сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар