Жамбыл облысында микрокредит бойынша ауыл мен қалада барлығы 6147,6 млн.тенгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне ауылда 538 адам 2905,0 млн.теңгенің шағын несиесін алды. Ауылда шағын несиені кепілдендіруге – 215,6 млн.теңге, микроқаржы ұйымдары шығыстарын субсидиялауға 31,7 млн.теңге бөлінді.
Сонымен қатар, қалада 90 адамға несие беруге барлығы 1036,6 млн.теңге қаралды. Несие қаражаттары екінші деңгейлі банктер арасында бөлініп, несиелендіру жұмыстары басталды. Қала бойынша 59 адам шағын 770,9 млн. теңге несие алды. Ал қалада шағын несиені кепілдендіруге – 88,3 млн.теңге қаралды.
Осы бағыт аясында 1783 адам 889,5 млн.теңгенің грантын алады. Атап айтқанда, 200 АЕК мөлшерінде Жастар жылына орай 329 грантқа 166,1 млн.теңге және көп балалы аз қамтылған отбасылары үшін 611 грантқа 308,5 млн.теңге, ұлттық фондтан 800 адамға 404,0 млн теңге, 100 АЕК мөлшерінде 43 грантқа 10,9 млн.теңге. Барлығы есепті мерзімде 446 адам 214,6 млн. теңге қайтарымсыз грант алды, соның ішінде 100 АЕК грантын 10,6 млн.теңгеге 42 адам; 200 АЕК грантын 204,0 млн.теңгеге 404 адам алды.
«Еңбек» бағдарламасының «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 7002 адамды қамтуға 2551,9 млн. теңге бөлінді.
Осы бағыт бойынша Бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 998 орынға 234,9 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 1440 адам жолданып, жұмысын аяқтаған 230 адамның 123-і (53,5%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1844 орынға 675,5 млн.теңге қаралды. Есепті кезеңде жастар практикасына 2108 түлек жолданып, жұмысын аяқтаған 1046 адамның 508-ы (48,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 4160 адамды тартуға жергілікті бюджеттерден 1641,5 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңде қоғамдық жұмыстарға 4609 адам жолданды.
Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру», яғни жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру қарастырылған.
Бағдарламаның бұл бағытын халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
2019 жылдың 1-қыркүйегіне солтүстік өңірлерге 130 отбасы, 392 адам қоныс аударды, оның ішінде:
1. Павлодар облысы- 20 отбасы, 52 адам,
2. ШҚО- 31 отбасы, 77 адам,
3. СҚО- 43 отбасы, 136 адам,
4. Қостанай – 36 отбасы, 127 адам.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек рыноғында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2-тоқсанында 4,8 %-ды, жастар жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрады.
Пікір қалдыру