Қытайда мешіттерді жара бастады

/image/2019/09/23/crop-27_4_218x290_pic_64b18df66ac47be97999e8e0b9bbcf0d.jpg

Қытай билігі мешіттер мен мұнаралардың көзін жоя бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарасақ, Хэнань, Ганьсу провинциясы, Ішкі Моңғолия аймағы мен Нинся-Хуэй автономды аудандарындағы мешіттердің құрылыс нысандарына залал келтірілген. "Қытайдың кішкентай Меккесі" аталып кеткен Линьси қаласының маңында орналасқан ауылдағы мешіт мұнаралары құлатылған. Ол жерде Қытайдағы ең көп мұсылман ұлты - хуэйлер тұрады. Сонымен қатар, билік Юньнань провинциясындағы үш мешітті жауып тастаған. Оған қоса, бүкіл елде араб жазбасын пайдалануға тыйым салған. 

Шілде айында Қытай билігі мұсылман-ұйғырлардың лагерлеріндегі зорлық-зомбылықты жоққа шығарған болатын. Қателікті былай түсіндірген. "Білім беру және кәсіби дайындық орталығын" тұтқындарды ұстайтын лагерь деп суреттеген дейді ҚХР-ның СІМ Чжан Ханьхуэ.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар