Жамбыл облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндігі білім саласына тың серпін беріп қана қоймай, колледж, мектеп оқушыларының қозғалысын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Өңірде «Novаcom tehnology» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып отырған «Ақылды мектеп» жобасы арқылы ата-аналарға өз балаларының мектептегі жүріс-тұрысын онлайн-режимде бақылауға қол жеткізбек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Ақылды мектеп» жобасыаясында ата-аналар үшін мектеп асханасында баласының күнделікті тұтынатын ас мәзірін қадағалап, оны «электронды әмиян» көмегімен төлеу мүмкіндігі қолжетімді бола түсті. Бұл жобаны өткен жылы «Халық тұтынатын тауарлар» аталымы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болған «Novаcom tehnology» компаниясы жүргізуде Ендігі кезекте «Novаcom tehnology» мектептерде цифрлық бақылау – өткізу құрылғыларын орнатып, «smart school»мобильді қосымшасын қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Мектеп ғимаратына енетін есіктегі бақылау – өткізу құрылғылары ұстаздар мен оқушылардың білім беру орнына келу-кету уақыты туралы нақты мәліметтер беріледі.Бұл құрылғылардың аталған мәліметтерді тіркеу үрдісі 4 түрлі тәсіл арқылы жүзеге асады.Оның басты ерекшелігі құрылғыға биометриялық өлшемдерді тексеретін жүйені енгізілуінде болмақ. Бұл жүйе бойынша ғимаратқа кіруде құрылғыны пайдаланушының бет-бейнесі мен саусақ іздері тексеріледі. Бақылау-өткізу құрылғылары дәл осындай 10 000 адамның биологиялық мәліметтерін сақтай алады. Ал ата-аналар мектепке келген ұялы телефондарындағы «smart school» қосымшасын падаланады,–дейді «Novаcom tehnology» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігінің атқарушы директоры Индира Сатыбалдиева.
Ал облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов та «Ақылды мектеп» жобасының мектептердегі тәртіпті бақылаудағы тиімділігін тілге тиек етті.
–Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы мектеп оқушыларының сабақтан кешігу, қашу фактілерін 60 пайызға азайтуға қол жеткізілмек. Одан соң мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді. Сол секілді асхана қызмет үшін ақшаның онлайн төленуі де құптарлық қадам. Демек оқушыларға ендігі кезекте қалтасына қолма-қол ақша салып жүрудің қажеті шамалы.Сәйкесінше дәл осы факті оқушылар арасындағы тәртіпсіздіктің басты себебі саналатын ақша бопсалау әрекетінің жойылуына мүмкіндік береді,–дейді Талғат Салқанұлы.
Айта кету керек бұған дейін «Novаcom tehnology» компаниясының бақылау-өткізу құрылғылары өңірдегі 5 колледжіне қойылған болатын.
Пікір қалдыру