Жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген қазақстандықтардың саны жыл басынан бері 92 пайызға артқан.
LS порталының жазуынша, орталықтарға жыл басында 91,6 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, тамыз айының қорытындысы бойынша 175,7 мың адам тіркеліпті. Бұл 92 пайызға жоғары.
Аталмыш деректер Еуразиялық экономикалық одақ аясында ең жоғары болып отыр. Мәселен, Қырғызстандағы жұмыссыздар жыл басынан бері 17,2 пайыз – 83,1 мың адамға дейін өссе, Ресейде 2,7 пайыз – 712,3 мың адамға артқан. Армения мен Беларусьте керісінше 4 және 4,8 пайызға қысқарған.
Еуразиялық экономикалық одақтағы жұмыспен қамту қызметтерінің дерегінше, одақ бойынша 1 млн адам жұмыссыз.
Пікір қалдыру